Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстандық хоккейшілер ел тарихында тұңғыш рет

Қазақстандық хоккейшілер ел тарихында тұңғыш рет

   Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы Ирландияда өткен Құрлықтық кубоктің иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Арлан» соңғы шешуші матчта алаң иелері - жергілікті «Белфаст Джайантс» командасын 3:2 Б (2:0, 0:0, 0:2, 0:0, 1:0) есебімен ұтты. Кездесудің негізгі кезеңі 2:2 болып тең аяқталды. Арландықтар тарапынан Сергей Егоров пен Вадим Ермолаев алғашқы 20 минутта бір-бір шайбадан салса, үшінші таймда Кристофер Хиггинс пен Дастин Джанер есепті теңестіріп кетті. Осылайша, негізгі уақытта ойын тең аяқталды. Овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Ал буллитте арландықтар мергендік танытып, Құрлықтық кубоктың иегері атанды. Айта кетейік, «Арлан» қазақстандық клубтар тарихында Құрлықтық кубокқа қол жеткізген алғашқы команда.  Ойын shaiba.kz сайтында тікелей көрсетілді. Көкшетаулық команда аталмыш жарыстың финалында Польшаның «Катовице» командасын 4:2, Беларусьтің «Гомель» командасын 8:2 есебімен жеңді.  
14 қаңтар 2019 ж. 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам