Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалықтар 3 сәбиінен айырылған отбасына көмек көрсетті

Қызылордалықтар 3 сәбиінен айырылған отбасына көмек көрсетті

    Қызылордалық бір топ жанашыр азаматтар 3 баласынан қапыда айрылған отбасыға қаржылай қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, 9 қаңтарда қала шетіндегі саяжайдағы үйлердің бірінде өрт болып, бір үйдің 3 баласы қаза тапқан еді. Көп ұзамай оқиғаның мән-жайы айтылып, қылмыстық іс қозғалғалды.
Қайғыдан қан жұтқан отбасының жағдайына қайырымды қызылордалықтар бей-жай қарамай, оларға қаржылай қолдау көрсетуге ниет білдірді. Олардың қатарында белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов та бар.
Жанашыр азаматтар елден жиналған 1 млн 554 мың теңге ақшаны зардап шеккен отбасыға табыс етті.
«Бір топ жанашыр азаматтар өрттен 3 сәбиі көз жұмған отбасына қаржылай қолдауын көрсетті. Бұдан бұрын облыс және қала әкімдіктері мамандары қажетті көмектерін жасаған екен», - деді жанашырлық көрсеткендер қатарында болған Аида Смаилова.
14 қаңтар 2019 ж. 1 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам