Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » “Әлемдегі ең сүйкімді ит” досын сағынып, құсадан қайтыс болды

“Әлемдегі ең сүйкімді ит” досын сағынып, құсадан қайтыс болды

   “Әлемдегі ең сүйкімді иттің” өлгені жайлы оның иесі жазды. Facebook әлеуметтік желісіндегі иттің ресми парақшасында ол осы ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды
12 жастағы Бу есімді иттің Бадди деген ит досы мерт болғаннан кейін жүрегі ауыра бастаған.
“Бадди бізден кеткен кезде оның жүрегі жараланды деп ойлаймыз. Бір жылдан астам уақыт бойы шыдап жүрді, бізге де уақыт берді. Бірақ уақыты келген сияқты. Мен екеуі көкте бір-бірін көргенде қатты қуанғанына сенімдімін”, — деп жазды Бу мен Бадидің иесі.
Будың көптеген жанкүйерлері сүйікті жануарларынан айырылып қалған соң, қатты қайғырды. Иттің суреттері оларға өмір сүруге күш-қуат беріп, көңіл-күйлерін көтерген. Жанкүйерлердің көбісі жануарға осы үшін алғыс айтты.
“Будың өлгенін есту мен үшін ауырға соқты. Мен қатерлі ісікпен күрескенде, жеті жылдың көлемінде Бу назарымды аулады. Сол үшін алғыс айтамын”, — деп жазды Сара Груарин есімді жанкүйер.
“Бұл менің жүрегімді жаралады. Мен ажырасқан соң, жұмсақ ойыншық Буды сатып алдым. Ол менің жанымда, қысқа бағанада “ұйықтады”. Маған Будың суреттерін қараған, оның қылықтары жайлы оқыған ұнайтын”, — деді Бернадин Лоуренс-Филип есімді тағы да бір жанкүйер.
21 қаңтар 2019 ж. 1 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 441 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам