Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жеті баланың анасы Президентке арманын айтты

Жеті баланың анасы Президентке арманын айтты

   «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» деп аталатын салтанатты шарада еліміздің бетке ұстар жастары бас қосты.

Түрлі салада жетістікке жеткен жастардың белсенді және креативті өкілдері Елбасы мен жиналған қауым алдында сөз сөйледі. Сондай жастардың қатарында көпбалалы жас ана Жазира Тұрғынова бар. 
«Дана халқымызда «өмірге бір қозы келсе, бір тал жусан артық шығады» деген қанатты сөз бар. Жасым 27-де. Түркістан облысының тұрғынымен. Алланың қалауымен жеті сәбиімді өмірге алып келдім. Әр баламның өмірге келуімен қатар, біздің үйде үлкен қуаныштар орын алады. Балаларымның күлкісін көріп, мен өмірге деген құштарлықты аламын. Қазіргі таңда балаларымның үлкен 11 жаста, ол менің ең бірінші көмекшіме айналды. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған осынау байтақ қазақ елімізде сәбилеріміздің көп болғанын қалаймын. Сіз өткен жылы біздің облысымыз үшін тарихи шешім қабылдап, Түркістан облысын құрдыңыз. Оның орталығы ретінде киелі Түркістан қаласын бекіттіңіз. Қазіргі таңда орталық үлкен құрылыс алаңына айналды. Онда мемлекеттік нысандар мен балабақшалар, мектептер, жастар орталығы, медициналық мекемелер, мектептер мен спорт кешендері салынуда. Мен осы бүлдіршіндерімнің келешегіне сенімдімін. Олардың нағыз азамат болып өсуіне өз күшімді, жігерімді арнаймын. Келін ененің топырағынан деп халқымызда бекер айтылмаса керек. Менің де апам он баланы дүниеге алып келген. Мен еліміздің жастарын көп балалы болудан қорықпауға шақырамын. Әр бала өз несібесімен келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, мен бала күнімнен сізді көрсем деп армандаушы едім. Бүгін мен сол арманыма жеттім. Әсем қала Астананы көріп, менің балапандарым келешекте осынау қалада білім алып, әлемдегі мықты университтердің бірі Назарбаев университетінде оқыса деген аналық арманым бар. Сол үшін қолымнан келгенше балаларыма озық білім мен тәрбие беріп жатырмын. Әке – тірегің, ана – жүрегің. Құрметті қазақстандықтар, тіректеріңіз бен жүректеріңіз аман болсын. Сізге еліміздің көп балалы жас аналарының атынан алғысымды білдіремін», - деді Жазира Тұрғынова.
Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.
 Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.
«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.
Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.
Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.
Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.
Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев жастармен кездесуде «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жас кәсіпкерлер үшін гарант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды.
Сондай-ақ, Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды.
baq.kz

24 қаңтар 2019 ж. 1 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам