Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қармақшы ауданында 300 жаңа жұмыс орны ашылды

Қармақшы ауданында 300 жаңа жұмыс орны ашылды

   Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов осылай деп мәлімдеді.
Өткен жылы ауданда қаржы ұйымдары тарапынан барлығы 227 жобаға 774,0 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың дені жеке кәсіп иелері.
"2018 жыл басынан бері аудан бойынша 29 кәсіпкерлік нысан іске қосылды. Оның ішінде 14 дүкен, 2 кафе, 4 қойма, 1 наубайхана, 4 көлік жөндеу орталығы, 2 тойхана, 1 сауда орталығы, 1 шаштараз. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» оқу курсын ауданда 220 азамат аяқтап, 176 азамат өз жобаларын қорғап шықты", - деді С.Мақашов.
Осындай жобалардың жүзеге асырылуы аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бүгінде 3357 болды. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 2566 бірлік, бұл барлық тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 78,9 пайызы.
25 қаңтар 2019 ж. 1 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам