Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кәсіпкерліктің бір кілті

Кәсіпкерліктің бір кілті

   Елімізде «Zhas project» жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. ҚР Білім және ғылым министрлігі, Халықаралық қайта құру және даму банкінің бірлесуімен қолға алынған жоба қаламызда өз нәтижесін берді.
Облыс орталығына қарасты Қосшыңырау ауылдық округінде бірқатар жастар сол жобаның игілігін көруде. Мәселен, «Ботақан сыйлықтары» жобасы бойынша Ботагөз Тұрсынтаеваның тобы 1 млн. теңге қайтарымсыз грант жеңіп алды. Қазіргі таңда оған полиграфиялық орталық ашқан. Орталықта алты ай бойы зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көшірме жасау, сурет шығару секілді жұмыстар тегін жасалды.
– Кәсіпті бастау үшін төрт адамнан топ құрдық. Жан-жақтан келген мамандар арнайы оқыту тренингтерін өткізді. «Ботақан» сыйлықтары жобасы жеңіске жетіп, өз кәсібімізді бастап кеттік. Жоба аясында алты ай бойы ауылдағы 70 отбасыға көмек көрсеттік. Одан бөлек, жаңа жыл қарсаңында мерекелік іс-шара өткізіліп, сыйлықтар таратылды. Қайтарымсыз несие болғандықтан алты ай бойы қадағаланып, жұмысымыздың нәтижелі болуын тексеріп отырады, – дейді Ботагөз Тұрсынтаева.  
 «Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады» деген сөз бар. Мұнда полиграфияға қатысты барлық қызмет түрі жеткілікті. Олардың ішінде көшірме, сурет пен видеоға түсіру, оларды өңдеу, баннерлер бар.
– Кәсіпті бастап, нәтижесін көрдік. Енді алдағы уақытта жемісін көреміз деп сенеміз. Негізі, ынта болса, ауылда да кәсіп ашып, оны кеңейтуге әбден болады. Енді тек қана кеңею және ары қарай жұмыс істеу тұр. Алда әлі талай үлкен жетістіктерге жетеміз деген үміттемін. Еңбегінің ескерілгені де адамды шабыттандырады, – дейді аталмыш істің басы-қасында жүрген Сая Білалова.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
29 қаңтар 2019 ж. 1 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 604 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам