Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аграрлық салада айшықты жобалар бар

Аграрлық салада айшықты жобалар бар

   Былтыр ауылшаруашылығы саласында өнім көлемі артты. Әр ауылда мал басы көбейіп, шаруа иелері мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсібін дөңгелетіп келеді. Сыр өңірінен агросала өнімдерін экспортқа шығару ісі жолға қойылып келеді.
Өткен жылы аймақбойынша 184,5 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналасты. Егілген күздік бидайдан 7483, жаздық бидайдан 2695, арпадан 368, дәндік жүгеріден 3849, тарыдан 1766 тонна өнім алынды. Ал, негізгі дақыл күріштен барлығы 473 422 тонна өнім жиналды, деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.
Былтыр облысқа «Сыбаға» бағдарламасы аясында 750 бас асыл немесе таза тұқымды  импортталған аналығын сатып алу жоспары бекітілген. Осының нәтижесінде «Аграрлық несие коорпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы малын сатып алуға несиелендіру бойынша 1370 басқа өтінім қабылданды.
Өткенжылдың 9 айында 23, 8 млн. долларды құрайтын 66,6 млн. тонна ауылшаруашылығы өнімдері экспортқа шықты. 2017 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ол 27,2 пайызға артып отыр. Облыстан Өзбекстанға 285, Біріккен Араб Әмірлігіне 72 түйе тірілей экспортталды. Сонымен қатар, Түркістан және Жамбыл облысының ет комбинаттары арқылы Иран Ислам Республикасына, Ресей Федерациясына барлығы  8191 бас қой жөнелтілді, деді басқарма басшысының орынбасары.
Елбасының еліміздің экспорттық әлеуетін көтеруге қатысты тапсырмасына сәйкес, облыс аумағынан жануарлар және жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттау бойынша түсіндіру шаралары жүргізіліп келеді. Жалпы, бізде 34 мал сою алаңы, 4 мал сою пункті тіркелген.
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Берлібек Ахметтің айтуынша, «Smart city» тұжырымдамасы аясында «Mobi-Vet» мобильдік қосымшасы әзірленді. Бұл мобильдік қосымша арқылы ветеринариялық ұйымдар мен шаруа қожалықтары, тұрғындар тығыз байланыс орната отырып, ветеринариялық-профилактикалық шаралар туралы толық ақпар алмасып отырады. Осы мобильдік қосымша жүзеге асқанда эпизоотияға қарсы жайтты бақылау жүзеге асады. Жеке немесе заңды тұлғалар ветеринария саласына қатысты маңызды хабарламаларды дер кезінде ала алады.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
02 ақпан 2019 ж. 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам