Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Балалықтың бал мекені

Балалықтың бал мекені

   Бала тәрбиесі – қашанда абыройлы міндет. Осы орайда, балабақша саласының маңызы зор. Бүгінде елімізде мектепке дейінгі мекемелердің қызметін жандандыру бағытында нәтижелі қызметтер атқарылып келеді. Мұндай игілікті істерді әрбір балабақша өмірінен байқауға болады. Бұл бағытта жүзеге асып жатқан жұмыстарды қаламыздағы «Сыр жұлдызы» балабақшасы өмірінен аңғару қиын емес.  
«Сыр жұлдызы» 2013 жылы ашылған. Мұнда 140 өренге барлық жағдай жасалған. Баланың жа­сы­на сай әртүрлі сабақтар өткізіледі. Со­ны­мен қатар, үштілділікті оқыту бойынша арнайы мамандар бар. 
Ән, би өнеріне ба­у­ли­ды. Балалардың тәртібі жақсы, алғыр да зе­рек. Ол үшін толықтай жағдай жасалып отыр. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойы­на сіңіру алға қойылған. Мәселен, «Тәй-тәй» технологиясы енгізілген. Ол бойынша жұмыс істеуде балалар көпшіл болуға, өз пікірін қалыптастыруға, жан-жақтылыққа тәрбиеленеді. Бөбектерге арналған мекемеде құлағы нашар еститіндер мен тілінде бұзылысы бар, сөйлеу тілі дамымаған балаларға арналған инклюзивті сурдологиялық топ жұмыс жасайды. Бүгінде 20 шақты бала тәрбиеленуде. Оларға арнайы тәрбиешілер сабақ үйретеді. Ғимарат ішінде 3 пен 5 жас аралығындағы өрендер бос уақытын тиімді өткізеді.
Балабақшаның ішкі және сыртқы көрінісінен байқағанымыз тазалығы мен ауланың көріктілігіне ерекше назар аударылады. Жататын, оқу-тәрбиелік бөлмелер тап-таза әрі ыңғайлы. Ойын ойнауға арналған бөлме де балақайларға өте қолайлы жасақталған. Қажетті құрал-жабдықтар да жеткілікті. Мұнда барлығы 29 пе­да­гог қызмет етеді. Сондай-ақ, психолог,  аспазшы,  медбике және басқа да мамандар еңбек етуде.
– Бүлдіршіндердің жан-жақты дамуы мен дене тәрбиесіне көбірек көңіл бөлеміз. Тәрбиеленушілер әрбір күнді таңертеңгі жаттығудан бастап, өзін-өзі, қоршаған ортаны тану, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу мақсатындағы түрлі сабақтарға қатысады. Жас жеткіншектер бойына бүгіннен бастап адамгершілік, ұлтжандылық, инабаттылық қасиеттерін сіңіру бағытында біздің балабақша ұжымы талмай еңбек етіп келеді. Олардың бәрі өз ісіне берілген, баланы бар жан-тәнімен түсініп, жылуын, мейірімін, сүйіспеншілігін бере алатын жандар, – деді балабақша меңгерушісі Жанат Мұхамедқалиқызы.
Балабақшада арнайы мультстудия жұмыс жасайды. Әсіресе, ерекше қамқорлық қажет ететін балаларды осы мультимедиялық құралдар көмегімен, яғни қиялын, ойлауын, актерлік шеберлігін, сөйлеу тілін түрліше дамытуға пайдаланылады.
– Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бар жүрегі және жан-тәнімен сезіне білуі қажет, – дейді дефектолог маманы Жанна Сағидуллақызы.
Балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетуден артта қалған емес. Олар әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп отырады. Мәселен, былтыр өткен   «Дарындар әлемі» өнер жобасы ұйымдастырған  халықаралық балалар мен жасөспірімдердің «Танцевальная феерия» би чемпионататында бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, халықаралық балалар мен жасөспірімдердің «Әр бала – Жұлдыз» өнер байқауында  хореография, эстрадалық би, театр, мәнерлеп оқу, эстрадалық вокал бойынша өнер жеңімпаздар қатарынан көрінеді.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
02 ақпан 2019 ж. 1 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам