Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14 ақпанда облыстың кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95%.Сондай-ақ, 12 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сол күні Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95%.