Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шиелі шырайлана түседі

Шиелі шырайлана түседі

  Өткен жылы Сырдың бас қаласы – Қызылорданың 200, шежірелі Шиелі ауданының 90 жылдығы аталып өтілді. Жылдың басты жаңалығының бірі, облыстық «Алтын күз-2018» ауыл спортшыларының спартакиадасында ауданның құрама командасы қатарынан екінші рет облыс жеңімпазы болды. Сондай-ақ, үздік спорт ауданы номинациясына ие болды. Оған қоса жылдың қорытындысымен агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктері үшін аймақта І орынды иеленіп, «Үздік аудан» атанды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Әшім Оразбекұлы баяндады.
Былтыр аудан бюджеті артығымен орындалған өнеркәсіп орындары есепті мерзімде 23 млрд. 268 млн. теңгенің өнімін өндірген. Сонымен қатар, 4597 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, 7786 адам жұмыспен қамтылған. Индустрияландыру бағдарламасына сәйкес, өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында ауданда 3 жоба жүзеге асырылған. Оның қатарында жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты бар. Ол өткен жылы Елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосылып, 260 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды.
Одан кейінгі жоба – «Фирма Балауса» өңдеу цехы. Құны 125 млн. АҚШ долларын құрайтын өңдеу жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда кәсіпорында 147 адам жұмыс жасайды. Биыл 5 окисьті ванадий өндіру цехы құрылысы басталуда. Жыл ортасына қарай іске қосылатын болады деп жоспарлануда. Ауылшаруашылығына қатысты жоба қолға алынбақ. «Сыр Агро және К» ЖШС «1200 бас ірі қара малына арналған тауарлы сүт фермасы» жобасы аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып, қолдау тапты. Жоба жүзеге асқан кезеңде тәулігіне 15 тонна сүт өнімі өндіріледі.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында да ауданда қарқынды іс атқарылуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша жалпы құны 358 млн. теңгені құрайтын 15 жоба бар. Олар екінші деңгейлі банктер тарапынан қаржыландырылса, ішінара кепілдендіру бағыты бойынша 6 жоба мақұлданды. Бұл жобалар аясында 62 адам жұмыспен қамтылып отыр.
– Елбасының Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында цифрлық технологияларды қолданатын бірнеше жобалар жүзеге асырылды. Уран шикізатын өндіруші №6 кен басқармасы мен «Семізбай-U» ЖШС-де технологиялық процестерді басқаратын «Ақылды кеніш» жобасы, «Ақылды қала» жобасы аясында ауданда «Көшені ақылды жарықтандыру» жүйесін енгізу жоспарлануда, – деді аудан әкімі Ә.Оразбекұлы.
Ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытында аудан Ауғанстан республикасына күріш, Ресей Федерациясының бірқатар облыс орталықтарына балық, бақша-көкөніс өнімдерін экспорттады. Алдағы уақытта балық аулау және өңдеу үшін кіші цех салып, экспорттық әлеуетін арттыру жоспарлануда.
Аталмыш аудан құрылыс жағынан да алда келеді. Сонымен қатар, біраз елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Биыл Сұлутөбе, Тартоғай, Ботабай, 1 Май, Бірлестік және Бәйгеқұм елді мекендерін сумен қамту жүйелерін құрылысына қаржы қаралды. Барлығы таза ауыз су жүйесімен қамтылатын болады. Алдыңғы жылдары Алғабас, Ақмая, Төңкеріс, Бестам елді мекендерінде спорт кешендері пайдалануға берілсе, биыл Керделі, Жөлек, Жуантөбе ауылдық округтерінен дәрігерлік амбулатория, Қоғалыдан фельдшерлік акушерлік бекет ғимараты және Керделіде спорт кешені пайдалануға беріледі деп көзделуде. Ал, Досбол би, Ортақшыл, Тартоғай, Тәжібаев елді мекендерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Биыл Шиелі кентінде 150 орындық аурухананың құрылыс монтаж жұмысы толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Елбасының болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, «Оқшы ата» мемориалдық кешеніне кіре беріс 4,8 шақырым автомобиль жол құрылысы екі жылға жоспарланып, биыл толығымен аяқталады.
– Бүгінгі күнге Шиелі кенті бойынша үйлеріне газ кіргізуге 5158 өтініш тіркеліп, 5104 үй газ пайдаланып отыр. Аудандағы Бидайкөл, Жақаев елді мекендеріне жеке тұрғындардың есебінен көгілдір отын кіргізу жүргізілуде. Ал, таяуда Бидайкөл ауылына газ беретін боламыз. Тағы 4 ауылда газдандыру жүргізілмек, – деді аудан басшысы.
Өткен жылы ауданда тұңғыш рет аудан әкімінің «Шабыт» жастар сыйлығы табысталды. Биылғы жастар жылына орай жаңа бастамалар, жобалар жүзеге асырылмақшы.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
12 ақпан 2019 ж. 1 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам