БЕРЕКЕЛІ ІСТІҢ БЕРЕРІ МОЛ

Атап айтсақ, мұндағы өнеркәсіп орындары 24 млрд. 103 млн. теңгенің өнімін өндірді. Соңғы жылдары бұл аймақта кәсіпкерлік көкжиегі кеңейді. Ауданда 4625 шағын және кәсіпкерлік нысандары тіркеліп, сол арқылы 7646 адам еңбекпен қамтылды. Қазіргі кезде жеке кәсіпкер С.Ермахановтың тәулігіне 400 литр өнім шығаратын «Аруана» шұбат цехының тауары облыс, аудан көлемінде үлкен сұранысқа ие болуда. Осыған орай өткен жылы кәсіпкер 61 млн. теңге несие алып, цехтың құрал-жабдықтарын қайта жаңғыртты. Соның нәтижесінде тәулігіне 1 тонна шұбат және сиыр сүтінен қаймақ, йогурт, сүт, айран, сүзбе, құрт өнімдерін нарыққа шығаруда.
Аталған өңірде білім, денсаулық, ауылшаруашылық саласында тың өзгерістер бар. Сондай-ақ, жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында біршама жобалар қолға алынан. Мәселен, былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 123 адам оқытылды. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың курсын 379 азамат бітіріп, оның 141-і жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын таппақ.
Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.