Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жас жүректен төгілген сөз маржаны

Жас жүректен төгілген сөз маржаны

    Айтыс – сөз мәйегі, жыр маржаны мен ой тұнығы
молынан ақтарылатын саф өнеріміздің бірі. Қазіргі таңда ұлтымыздың баға жетпес құндылығына баланған төл өнеріміз – ақындар айтысы республика көлемінде кеңінен өткізіліп келеді.
         Өткен аптадаА.Тоқмағамбетов мәдениет үйінде республикалық жас ақындар айтысы өтті. Жастар жылы орай өткен жыр додасы «Жастықтың оты жалындап» тақырыбында бастау алды. Қызылорда қаласының әкімдігі қолдауымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жыр додасында өнер өлкесінің өріне бет алған өрендер сайысқа түсті.  
         Аламан айтысқа Қызылорда қаласының әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қатысып ақындарға сәттілік тіледі.
         Қара қылды қақ жарған әділқазылар алқасында Жүрсін Ерман төрағалық етсе, оның құрамында «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, Алаштың арқалы ақыны Бауыржан Халиолла, ҚР мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов және Сыр өңіпіеің ьелгілі айтыс ақыны Айнагүл Әбуова болды. Әділ қазыларға алқаға кіл жүйріктен кім жүйрікті анықтау оңайға соқпады. Олар елдік пен өрлікті, теңдік пен тұрақтылықты келелі сөзбен кестеледі, қол жеткен жетістіктер, елдегі айшықты істер де жырға арқау болды. Сұлу сөзге сусаған халықтың шөлін басты. Бірақ, жас болса да, айтары бар, салмақты сөзі бар ақындар жиналды.
         Айтыс десе делебесі қозатын халықпыз. Өйткені бұл жыр бәйгесінде кестелі сөз, оралымды ой айтылды. Ақын да, айтысқа келген әлеумет те жыр додасынан ерекше әсерге бөленді. Көптің көңілінде жүрген түйткілдер айтылды. Ақындар сөз маржанын терді. Сөзден кесте өрілді. Ақындар сөзбен көркем сурет салды. Жыр додасының сахнасына алғашқы болып қармашылық Сырым Әділбеков пен Батыс Қазақстаннан келген Бекболат Қаленов шықты. Олар биылғы Жастар жылын жырға арқау етті.
         Өрелі өнер шарасында қыз бен жігіт айтысы да болды. Қызылордалық Нұрзат Қару мен алматылық Нұрбол Жауынбаевтың арасында өткен осындай айтыс тартымды өтті.
         Жыр доданың ең соңғы жұбы астаналық Дәурен Ысқақ пен Нартай Тілеуқұл арасында өтті. Дәурен Ысқақ сахнаға сырнаймен шығып, халықтың ерекше ықыласын алды. Ол сырнайдың сырлы әуені салып, халыққа жыр сыйлады.
         Осылайша, қазылар құрамының шешімімен жыр додасының бас бәйгесі
кешегі Тайжандардың мақамын салып, халықтың қошеметіне бөленген, елордалық Дәурен Ысқаққа бұйырды. Сырдың ақын қызы Нұрзат Қару бірінші орынды иеленді.  Ал, жүлделі екінші орын Алматыдан келген Нұрбол Жауынбаевқа бұйырса, үшінші орын астаналық Нартай Тілеуқұл еншіледі.
Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
Суреттерді түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
19 ақпан 2019 ж. 1 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам