Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Өмірден өгейлік көргендер

Өмірден өгейлік көргендер

   Қанша тiршiлiк иесi болса, соншама тағдыр бар. Өмірдің сан түрлі қиындығынан ішімдікті жанына серік еткендер жетерлік.  Қолдағы барынан айырылып, тағдырдың тәлкегіне өз еріктерімен түскендер тағы бар. Олардың қатарында қайыршының күйін кешіп, өз қамын қоқыстың қалдығынан тауып жүргендерді көргенде жүрегіміз бір селт ететіні рас.
Біздің қоғам осылайша қаңғыбастыққа салынған адамдарды «Бомж» деп атайды. Ол рас. Оларды көргенде санаға сан түрлі ой келетіні тағы бар. Қанша жерден лас, сасық, кір қожалақ болсын, оларды «қаңғыбас, бомж» деп атауымыздың, қоғамнан шеттетуіміздің өзі ойланып қарасаңыз ұят. Қайсысы да тағдыр тәлкегiне шыдамы жетпей, басына түскен ауыртпалыққа қарсы тұра алмай, одан жеңілдейтін жолды ішімдіктің түбінен іздеп жатады.
Сәрсенбінің сәті еді. Кешқұрым уақыт. Орталық алаң. Жеке бастың шаруасымен қала орталығында біраз бөгелдім. Жұмыстарым біткен соң үйге асығып аялдаманы бағытыма алып жүріп келем. Суық желдің ызғары желкеден өтіп барады. Айналаңа қарасаң, бір-бірімен әңгіме айтып тұрған ешкімді көрмейсің. Аялдамаға жақын қалғаным сол еді, аялдама артындағы қара жердің сызына бір жапырақ кардонды төсеп отырған ер кісіні көзім шалды. Бұрын-соңды бұндай кезбелерді көп көремін. Бiрақ осы жолы бұл менi қатты ойландырып тастады. Суреттеп не керек, үстi-басы кiр-қожалақ, адам көргiсiз едi. Мән беріп қарасам, бет ауызы ісіп, аяқ-қолы үсік шалуға сәл тұр. Бірақ, оны ойлап та отырған  жоқ секілді. Соған қарағанда күнделікті жинап-тергеніне ішімдік алып жүрген болу керек. Жүзіне қарап жасын шамалап көруге тырыстым. Отызға келіп орда бұзар жігітермен қатарлас көрінді. Шыны керек, қарап тұрып біраз ойлар туды. Ең бірінші мұндай күйге неліктен түскенінің нақты себебін білгім келді. Оған жақындай түстім. Қалтамдағы тиындардан қолыма түскенін алақанына салдым. Рақметін басын изегенімен білдіргендей. Жанына жақындап:
         –Ағасы, тоңдың ғой, бұндай халге неге, неліктен түстің? – деп сұрақ қойдым. Біраз үнсіз отырып басын бір көтерген ол:
          –«Жөніңі кете берсеңші», – деді. Әңгімені одан әрі өрбіте түсті.
         – Есімің кім, ағасы? Не нәрседен қиналып жүрсің? Бәлкім мен көмектесіп қалармын - дедім.
         Бар ойым – мұқтаждығын білу.
         – «Жақындарымды қайтара аласың ба?» – деп өзіме сұрақ қойды. Терең күрсініп, не жауап айтарымды білмей, үнсіз тұрып қалғандай болдым
         – Түсінбедім? - дедім.
         – Қолда бар алтынның қадірін біл інім – деді мұңайып. Жақынынан айырыл, алыстап кеткенін енді түсіндім.
         – ағасы, жалғызсың ба? Сонда олар қайда? Бәлкім іздеп көрміз.
         – Олар мені қабалдамайды. Қаңғыбастық қаныма сіңгелі әлі күнге дейін қаңғырумен келем –деді да үнсіз отыра берді. Одан кейін бұл жанның ауызынан бір сөз шығару мүмкін болмады. Сөз арасы ұққанымыз, ішімдікке бой алдырып, өз тағдырына өзі балта шапқанға ұқсайды.       Қараңғы бірте бірте батып барады. Орнымнан тұрып, аялдамаға барып қоғамдық көлігімді күттім.
БОМЖ деген сөзді тарқатып айтсақ тұрғылықты мекен-жайы жоқ (без определенного место жительство) деген сөзді білдіреді. 1988 жылы шыққан біздің «Орысша-қазақша сөздікте» «бомж» деген сөз жоқ, ал «Советский энциклопедический словарьға» да бұл сөз енбеген. Демек, кемелденген социалистік қоғамда қаңғыбас атауы болмаған. 1994 жылғы «Қазақ тілінің сөздігінде» қаңғыбас сөзіне «кезбе, қыдырымпаз» деген түсінік беріліпті. Сондықтан «бомж» деп жүрген жандарымыздың біреуі кезінде жақсы отбасыдан шықса, біреуі ғалым, біреуі бизнесмен, ал енді біреуі мемлекеттік қызметке еңбегі сіңген жандар болуы мүмкін. Бұл жандардың елімізде қанша екені жайында әлі күнге дейін нақты дерек көзі жоқ. Бірақ, олардың санын азайтуға барлық өңірдің бейімдеу орталықтары бірге атсалысып келеді. Әрине, қаңғыбастық қанмен келетін қасиет емес.
Көше бойы. Үсті-басы алба-жұлба қаңғыбас қолын жайып қайыр сұрап отыр. Тағдыр деген тіркес тіл ұшына оралады.  Олардың жан дүниесіне үңіліп жатқан ешкім жоқ. Бәлкім, мұндай жандар жақынының қолдауын қажет ететін шығар. Оны ескеріп жүрген кім бар.
Ердәулет КӘКІМЖАНОВ.
26 ақпан 2019 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 450 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам