Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОЯН ҚЫРҒАН АҢШЫЛАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОЯН ҚЫРҒАН АҢШЫЛАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

  Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері экологиялық қылмыстарға қарсы жедел жұмыстарды жүргізді.
Осы шара барысында «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының 12-шақырымында 54 дана қоянның өлі денесін өз автокөліктерінде тасымалдап келе жатқан 26, 41, 62, 63 жастағы 4 азаматты ұстады. Автокөлікке қарау жүргізу барысында автокөліктің жүксалғышынан 3 дана аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Егер де ұсталғандардың қылмыстық әрекеті дәлелденсе, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
22 қараша 2017 ж. 1 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам