Қызылордада заңсыз ойын бизнесін жүргізген 88 қылмыс тіркелген

Соңғы екі жылда Қызылорда облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша 88 қылмыстық іс тіркелді. 94 адам сотталды. Заңсыз айналымнан 200-ден астам ойын автоматтары тәркіленіп, жойылған. Келтірілген мәліметтер облыстық прокуратураның құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінен құрылған мобильді топ жұмысының нәтижесі болып табылады. Жедел-іздестіру шараларының барысында Қазалы ауданы және Қызылорда қаласының аумағында заңсыз ойын мекемелерінің желісін ашқан қылмыстық топ анықталған. Бұдан бұрын Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жазаланғанын хабарлаған едік.