ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен айыпталған қылмыстық іс қаралды.
Ол жекеменшік үйдің бөлмесін жалға алған. Онда ойын мекемесін заңсыз ашып, бизнес саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырған. Басты сот талқылауында ол өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.
Оған сот үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 307-бабының 1- бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша мүлкін тәркілеу арқылы 500 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде, яғни 1 134 500 теңге айыппұл салынды.