Оңтайлы озық жоба

«IT-echelon» – бұл ВЕБ-қосымшаларды әзірлеудің негізгі аспектілері бойынша онлайн мүмкіндігін беретін оқу бағдарламасы. Оған қатысушылар фундаментальді аспектілер бойынша онлайн интенсивтермен веб-қосымшаларды әзірлеуді үйренеді. Жаңа жобада Қазақстанның және ТМД елдерінің Яндекс, Майл ру, Tinkoff секілді ІТ компаниялардың кәсіби мамандарынан дәріс алатын болады. Осылайша, жарты жыл көлемінде жастарымыз frontend-әзірлеу мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша білім алады.
Жоба аясында оларға семинар, воркшоп, кездесулер мен бизнес-ойындары жүргізіледі. Оқу курсы 6 айға есептелген. Оның ішінде 72 сағат онлайн-оқыту, сауалнама жүргізу және қатысушыларды іріктеу, 6 семинар, 8 воркшоп, 4 кездесу және 2 бизнес-модель ойыны бар. Оған мектеп оқушылары, университет және колледж студенттері қызығушылық танытуда. Олардың арасынан 200 қатысушы іріктеліп алынады. Бұл жоба бойынша оқу тегін жүргізіледі. Алғашқы онлайн-сабақ 13 наурызда өткізілді. Бағдарлама бағыты бойынша алдағы уақытта технологиялық кәсіпкерлікке, стартаптарды ұйымдастыруға және бизнес-құралдарға ерекше көңіл бөлінеді.
Айта кететін жайт, жоба сандық технологияларды қолдануды жандандыруға, өңірдің IT-инфрақұрылымын дамытуға және халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға арналған. Алдымызда бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу міндеті тұр.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.