Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ой сананы жаңғыртқан технология

Ой сананы жаңғыртқан технология

         ХХІ ғасыр – білімдінің заманы.Аймағымызда жаңа технологияны игеремін деген жасқа қолдау жасалуда. Осы бағыт бойынша қызылордалық студенттер өзге елдерде білім алып жатыр. Сонымен қатар, цифрлы  технологияны дамытуға ұтымды жоб ұсынып, жоғары жетістіктен көрініп жүрген өрендердің қатары артып келеді.
Қызылордалық Евгений Демиденко халықаралық байқауларда үздік деп танылып жүрген жас өреннің бірі. Инновациялық бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда Қызылорда атын әлемге танытқан ол қазіргі таңда қаладағы №2 «Мұрагер» мектебінің 11 сынып оқушысы. Идеялары шетелдік ғалымдардың таңданысын туғызған Евгенийдің жоғары белестерден көрінуі – соның айғағы.
Жас өрен Қызылордада өткен «HACK DAY-2017» идеялар фестивалінде өз жобаларын ұсынып, мамандар тарапынан жоғары бағасын алды. Жаңа технология саласын меңгеруге жаны жақын Евгений келешекте осы бағытта мамандық алуды жоспарлап отыр.   
– Кішкентай кезімнен мектепте информатика, биология және география пәндерінен өткен шараларға белсенді қатыстым. Уақыт өте 4D бағдарламасын игеруге құлшынысым арта түсті. Бос уақытымды сол саланы меңгеруге арнадым. Бүгінде мақсаттарым орындалуда. Алайда, бұл тек қана менің жетістігім, еңбегім емес. Онда ата-анамның, ұстазымның зор еңбегі жатыр. Ұстазым берген терең білім мен үздіксіз ізденістің нәтижесінде жеңіске жеттім. Маған сенім артып, қолдау білдірген жандарға ризашылығым шексіз.  Дегенмен, мұнымен тоқтап қалмаймын, – дейді ол.
       Дарынды  өрен алдағы уақытта еліміздің жастары жаңа технологияларды меңгеруге ұмтылуы қажет деп санайды. Озық ойлы Евгений осындай жетістігінің нәтижесінде Мемлекет басшысының жастармен жүздесуінде Сыр өңірі жастарының атынан қатысты. Айтулы шарадан ол көңіліне көптеген ойларды түйіп қайтты.
 – Экономиканы дамыту үшін жаңа технологияны өндіріске енгізіп, оларды кәдеге жарату қажет. Бүгінгі қоғамда бәсекелестік болған жағдайда ғана экономика дами түседі. Мәселен, әлемде технология саласы қарыштап дамыған. Сол үшін де жастар жаңашыл жоба, игі бастама мен соны серпіліске назар аудару керек. Осы жылы біздерге үлкен мүмкіндік туып тұр. Жастар жылында айқын мақсатымызды орындауымыз қажет, – деді Евгений.
Евгений Демиденконың осы уақытқа дейінгі жетістігі аз емес. 2017-2018 оқу жылында Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобалар конкурсында І дәрежелі диплом иегері, 2017-2018 оқу жылында компьютерлік жобалар бойынша «Инфоматрикс» халықаралық жарыстарында ІІ дәрежелі диплом иегері, 2016-2018 оқу жылында 24-26 шілде аралығында Астана қаласында өткен транспорт саласындағы республикалық байқаудың жеңімпазы. Сонымен қатар, өткен жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері
атанған.
– Болашақта «Дисней» секілді ірі компания құру – арманым. 3D-4D анимациялық технологиялар көмегімен жаңа идеяларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмын. Әрине, оған көп ізденіс, білім қажет. Алайда, «талпынған жетер мұратқа» деген. Мақсатыма жетуге тырысамын, – дейді Евгений Демиденко.
Өзіне-өзі сенімді, болашағынан зор үміт күтуге болатын жас осылайша келер күнге нық қадам жасауды көздейді.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.
27 наурыз 2019 ж. 1 074 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам