Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жұлдызы жарқын «Жұлдызай»

Жұлдызы жарқын «Жұлдызай»

  Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен С.Әлжіков атындағы №144 мектепте халықаралық «Жұлдызай» ХІV шығармашылық фестивалі өтті.
Аталмыш фестиваль 10-18 жас аралығындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қоғам, бизнес-құрылым өкілдерінің назарын аударту мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Фестивальге қалалық білім бөлімінің басшысы Ақзира Қасымова қатысып, балаларға сәттілік тіледі.
– Бұл сайыс  – ерік-жігерлері ерекше мықты балалардың өміріндегі жаңа баспалдақ. Жаймашуақ көктем күнінде жас өнерпаздар өз өнерлері мен шығармашылық туындыларын ұсынуда. Олардың ерік-жігері бойымызға қуаныш сыйлап отыр. Себебі, балалардың өнерінен өмірге деген сүйіспеншілік, күш-жігер, рух сезіледі. Біз сіздерге сенеміз, – деді А.Бақтыбайқызы.
Жас өрендер ән айту, би билеу, әнді ым ишаратпен айту, аспапта ойнау, қолданбалы көркем өнер, сурет-бейнелеу өнері бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Өнер сайыс         ы өзінің 14 жылдық тарихында талай балаға жол ашты. Мәселен, балалар денсаулығын жақсарту мен оңалтуға оң әсерін тигізуде. Атап айтқанда, былтыр фестивальге қатысқан 50 баланың 10-ы ән-би номинациясында облыстық іріктеу кезеңіне өтіп жеңімпаз атанған.
Ал, биылғы жылы 94 өрен қатысып бақ сынасты. Әрбір өнерпаз балаларға қалалық білім бөлімінің алғыс хаты мен сый-сияпаты табысталды.
        
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
27 наурыз 2019 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 048 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам