Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Арда өнердің ақ сарайы

Арда өнердің ақ сарайы

    Сыр өңірі сахнасының майталмандары халықаралық театр күнін тойлады. Осы орайда Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында "Өнердің ақ сарайы" атты салтанатты жиын өтті.Оған облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Әбдірахманов қатысып, шығармашылық ұжымды айтулы күнмен құттықтады.
  – Театр – адам өзін-өзі сахнадан көріп, сырттай бақылайтын орын, өмірлік сұрақтарға шешім табатын интенция. Алпыс жылдан астам тарихы бар жергілікті театр – еліміздегі белгілі өнер ошақтарының бірі. Мұнда сахна өмірінің ыстық-суығын бірге бөлісіп, абырой-атағының орнығуына ортақтасып келе жатқан мәдениет майталмандары еңбек етеді, – деді Е.Әбдірахманов.
         Айта кетейік, театр 63 жылдық маусымында шетелге бірнеше мәрте үлкен гастрольдік сапармен барып, қазақ өнерінің мәртебесін көтеріп, мерейін асқақтатты. Оның ішінде, Татарстан, Түркия, Әзербайжан және Ұлыбритания елдерінде ұйымдастырылған өнер додаларынан олжалы оралды. Әсіресе, Шотландияда өткен "Фриндж" фестивалінде жеткен жетістіктері тек театр ұжымының ғана емес, бүкіл Сыр мәдениетінің беделін арттырды. Осындай құрметке бөленіп, қазақ театр өнерін әлем сахнасында дәріптеп жүрген жергілікті әртістерді аталмыш мерекелік кеште мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының арнайы құттықтау хаты оқылды. Сондай-ақ, театрдың бір топ қызметкері үздіктер қатарынан табылып, марапат биігінен көрінді. Олардың қатарында мәдениет қайраткері Бектеміс Ботбаев, театрдың белді әртістері Сырым Әбдразақов, Айгүл Байдалиева, Зәуре Көздібаева облыс әкімі және облыс әкімі орынбасарының арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Талантты өнерпаздар Нұрлыбек Шыналиев, Айқыз Қосмаханова мен костюмер Ләззат Үркінбаева сынды осы шығармашылық ұжымның жетістікке жету жолында тер төгіп келе жатқан бірқатар қызметкерлердің де еңбегі ескерусіз қалмай, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, салалық, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы атынан құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхит Әбдікәрімов кәсіптік одақ атынан "Еңбек даңқы" төсбелгісіне ие болды. Ал, биыл алғаш рет тағайындалып отырған "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Серік Пірмахан" атындағы ауыспалы жүлдеге қойылым бөлімінің меңгерушісі Темірбек Сағымбаев лайық деп танылды.
         – Театр – адам жанының жанашыры, жаршысы. Ал, адам жаны, оның ішкі тебіренісі – ол өте қымбат дүние. Залда отырған көрермен сол толқынысты, сол көңіл күйді әртіс арқылы түйсініп, сонымен бірге бастан өткереді. Көз алдындағы әртіс арқылы образдың бар болмысын сезінеді. Театр сонысымен – қымбат, сонысымен – өтімді, – деді театрдың көркемдік жетекшісі Хұсейн Әмір-Темір.
         Салтанатты кеш барысында көрермен жүрегіне жол тауып, образды шырқар биігіне жеткізіп сомдаған осындай бірқатар әртістер "Үкілі үміт", "Эпизодтық табысты ер бейнесі", "Эпизодтық табысты әйел бейнесі", "Ең үздік ер бейнесі", "Ең үздік қойылым жасағаны үшін", "Ең үздік театр өнерін насихаттаушы" сынды түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Осылайша мереке қарсаңында мерейі үстем болған өнерпаздар қашанда талғам таразысы биік көрерменіне әдеттен жаңылмай, бүгін де сол қайталанбас өнер қуанышын тарту етті.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.


01 сәуір 2019 ж. 2 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам