Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ажары ашық Ақсуат

Ажары ашық Ақсуат

  – Ауылдан кәсіп ашып, өз ісін дөңгелентіп отырған азаматтарға үлкен қолдау керек. Еңбекке құштар, озық ойлы адамдардың жаңа жобасын қолдау мақсатында жұмыс жасау қажет. Ауылда мейрамхана салу оңай іс емес. Әсіресе, елді мекеннен ерекше жобалар қолдау тауып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлерді жұртшылыққа үлгі етеміз, – деді қала әкімі Ақсуат ауылдық округіне барған прес тур барысында.
Расында, кәсіпкер Бағдат Жалекевпен Ақсуат ауылдық округінің тұрғындары мақтанады. Өз кәсібін жүргізіп қана қоймай, халыққа игілікті тірлікті қолға алған оның бұл ісі көпке үлгі. Ол Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ж.Маханбетов ауылынан «Ер-Али» мейрамханасын ашқан. Жалпы аумағы 2000 шаршы метрді алатын мейрамхана 400 орынға арналған. Сонымен қатар, 40 және 70 адамдық кіші залдары бар. Ел игілігіне жарап отырған кәсіп жолын ашуға 300 млн. теңге қаражат жұмсалған. Тойхана үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап пайдалануға берілген.
– Мен кәсiпкерлiкке ерте бастап бет бұрған жанмын. Еңбек еткен адамның Алла несiбесiн үстей түседi. Мiне, кәсiбiмдi ұлғайту мақсатында ауылдан мейрамхана ашқанды жөн санадым. Әзiрге оннан астам адамды жұмыспен қамтып отырмын. Одан бөлек, той күндері қосымша қызметкерлер аламыз. Алдағы күндерi жұмысшылар санын арттырамыз деген ойда бар, – деді кәсіпкер Бағдат.
Сыр өңірінде соңғы жылдары кәсіпкерлік саласына кеңінен қолдау көрсетіліп келеді. Бұл бағытта кәсіпкерлікті қолдау жылы жарияланды. Осының нәтижесінде шағын ісін бастап, оның несібесін көріп жүрген азаматтар бар. Мұндай көріністер облыс орталығы мен оған қарасты ауылдық округтерде айқын аңғарылып отыр. Ақсуат ауылдық округінде аталмыш бағытта атқарылған жұмыстар соның дәлелі. Округ өзге де салалар бойынша оқ бойы озық келеді. Әртүрлі бағыттағы жұмыстарын қолдау мақсатында бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Бұл ауылдағы ағайынға деген ықыластың көптігі. Сондай-ақ,округ әкімінің нәтижелі жұмыс жасауының кепілі.
Ақсуат ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен танысқан қала әкімі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан балабақша құрылысын аралап көрді.
Бұл ғимаратты қайта қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 66 663 мың теңге бөлінген. «АВМ Элит» ЖШС күрделі жөндеу жүргізуде. Аталған балабақша ғимараты 1983 жылы пайдалануға берілген екен. Кейін 1997 жылы ауылдың әкімшілік теңгеріміне өткізілген. 2013 жылға дейін ғимаратта кітапхана, ауылдық дәрігерлік амбулатория мен мәдениет үйі уақытша орналасқан. Сол жылдан бері пайдаланылмаған. Бүгінгі таңда ғимаратты қайта жөндеп, 120 орындық мемлекеттік балабақша есебінде есігін айқара ашпақшы. Күрделі жөндеу маусым аяғында аяқталса, қырқүйек айынан бастап бүлдіршіндер ғимараттың табалдырығын аттамақ. Сонымен қатар, 53 адамды тұрақты еңбекпен қамтитын болады.
– Елбасы ауылдарға көңіл бөлу қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша бұл елді мекенге 431 млн. теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Бұл – елге деген қамқорлық. Сондықтан нәтижелі жұмыстар күтеміз. Биыл бұл елді мекенге көп көңіл бөлінді. Бірқатар мәселер шешімін тапты, – деді қала әкімі.
                                                                                                                Айтолқын АЙТЖАНОВА.


22 сәуір 2019 ж. 1 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам