Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Еңбек еткеннің еңсесі биік

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Кәсіп көзі – ауылда  
  Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылының бүгінгі көрінісі айтарлықтай жаңарған. Халық әлеуеті жақсарып, тұрмысы түзелген.
– Өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 16 жоба қолдау тапты. «Өңірлік инвестиция» қорына 16, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» қорына 8, «Сыбаға», «Құлан» бағдарламасына 3 жобаның құжаттары ұсынылуда, – дейді Ақжарма ауылдық округінің әкімі Жұмабек Әлиев.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы барысында жасалып жатқан біршама жұмыстармен танысу мақсатында ауылдық округ тыныс-тіршілігіне қанықтық.
Негізінен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жүйелі жұмыс көзін ұйымдастырып, халық игілігі жолында тың бастаманың нәтижесі аңғарылады. Мәселен, жеке кәсіпкер Ғалия Әбішева ауыл тұрғындарына аса қажет қызметтер – монша, шаштараз, дәмхана жұмысын топтастырған кешен ашқан. Сондай-ақ, мұндағы атакәсіптің тамырына қан жүгіртіп, уақ мал санын көбейткен шаруа қожалыңының бірі – Арайлым Бейсенбайға тиесілі. Ол мемлекеттен несие алып, 100 басқа жуық қой мен ешкі сатып алған. Болашақта кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.
Қазіргі халыққа тиімділігі жоғары, сұранысқа ие кәсіп түрін игеру – басты мақсат. Бұл ретте аймақ басшысының бастамасымен жарияланған жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған үш жылдықтың нәтижесінде Ақсуат ауылдық округінде де кәсіпкерлік нысандарының саны артқан.
Ауыл тұрғыны Мақпал Піртаева өз қаражаты есебінен шаштараз ашты. Ал жеке кәсіпкер Мэлс Бажиев өткен жылы "Еңбек" бағдарламасы» аясында «Микробизнес-Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржылық ұйымы» арқылы алған 3 млн. теңге несиеге 4 бас жылқы, 5 бас бұзаулы сиыр сатып алып жұмыс жасауда. Мүйізді ірі қара және жылқы малын өсіріп дамытуды мақсат еткен ол болашақта 2 адамды тұрақты еңбекпен қамтуды жоспарлауда.
Ауылдық округте «Jas project» жобасы арқылы да қыруар істер атқарылуда. Жастарға арналған жоба жемісін көріп отырғандардың бірі – Мұхамбетрахым Ерсұлтан кәсібін өз қаражаты есебінен монша салудан бастап, өткен жылы 1 млн. теңге қайтарымсыз несие ұтып алған. Бүгінде кәсібіне қосымша шаштараз ашып, ауылдық округтің тұрмысы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасыларына тегін қызмет көрсетуде.
Ал жеке кәсіпкер Руслан Әмзе өз қаражаты есебінен шағын дүкен ашқан. 2017 жылы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 6 млн. теңге несие алып, 24 бас мал алған еді. Сондай-ақ, былтыр шаруашылығымен қатар, дүкенін кеңейтіп, ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада азық-түлік өнімдерін ұсынып, тұрмысы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасыларына демеушілік көмек көрсетуде.
Іс бастаған ілгері жылжиды
         Бүгінде ауылшаруашылық саласында кәсібін дөңгелетемін деген азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жасалып келеді. Өткен жылы қалада шағын және орта бизнестің көлемі ұлғайған.
         Былтыр облыс орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы арқылы 604 млн. 120 мың теңгені құрайтын 146 жобаға  қаржы тартылған. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен   өткен баспасөз турында аталмыш бағдарлама аясында кәсібін дөңгелетіп бірнеше нысан жергілікті журналистер назарына ұсынылды.
          Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов бастаған топ алдымен  Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Мөлдір» жеке кәсіпкерлігінде болды. Жеке кәсіпкер Мөлдір Бекбаева өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында  «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» арқылы алған 3 млн. теңге несиеге ол 18 бас мүйізді ірі қарамен қораны толықтырды. Бүгінде мал басы көбейіп, 2 адамды еңбекпен қамтылып отыр.
         – Осы бағдарламаның арқасында кәсібімізді өрістетуге жол ашылды. Бұл қаражатты мен 5 жылға алдым. Олардан күніне 30 литр сүт аламыз, – дейді кәсіпкер.
         Баспасөз туры барысында «Оңдашов»  жеке кәсіпкерлігіне қарасты шаруашылық жұмысына назар аудардық. Кәсіпкер Рүстембек Оңдашов былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарлама аясында 4 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Оған  23 сиыр мен 1 бұқа алған. Бүгінде мал басы артып, шаруашылығы кеңейіп келеді. Одан бөлек кәсіпкер өз қаражаты есебінен күріш ақтайтын цех ашты.
         Аталмыш бағдарлама аясында кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер Қосшыңырау ауылдық округінде де бар.  Бүгінде мұнда 122 кәсіпкерлік нысаны тіркелген. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарлама аясында кәсібін өрбітіп отырған. Қиятбек Тұрғанбаев бүгінде ауыл тұрғындарының алғысын алып келеді. Ол ауылда монша ашқан. Бағдарлама аясында 5 млн. теңге несиеге алған ол монша құрылысын бастап кетеді. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы алынған қаражатқа бір мезетте 30 адамды қабылдайтын монша ашады.
         Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов бастаған топ аралған келесі нысаны «М Абуова» жеке кәсіпкерлігі болды. Кәсіпкер 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарлама аясында 6 млн. теңге несие алған. Оған 23 бас жылқы алып,  шаруашылығын өрбіткен. Ал өткен жылы ол «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуыдың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 900 мың теңге грант жеңіп алған. Кәсіпкер қаржыға наубайхананың құрал-жабдықтарын түгендеді.
         – Бүгінде кәсіп бастаймын деген азаматтар үшін мемлекет барлық жағдайды жасауда. «Көз қорқақ, қол батыр» деген бар. Батырлық танытып, уақытты созбай кәсіпті бастап кеттім. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарын ыстық нанмен қамтамасыз етіп отырмын. Күніне 300 нан пісіреміз. Сонымен қатар Аптасына 2 рет  тұрмысы төмен 20 отбасыға тегін нан таратамыз, – деді кәсіпкер.
         Наубайханада наннан бөлек, тәтті өнімдер пісіріледі. Оны ауыл дүкені апарып өткізеді.  Кәсіпкер 4 адамды еңбекпен қамтып отыр.
         Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов кәсіпкерлер атқарып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Халықтың жағдайын жақсарту мақсатында тиісті бағдарламалар игілін көруге елді шақырды. Осының нәтижесінде кәсіпкерлікті  өрістетуге қолайлы жағдай жасалады. Жаңа жұмыс орындары тұсауын кеседі
Биболат СӘТЖАНОВ.
Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
05 ақпан 2019 ж. 1 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам