Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мұз үстіндегі ғажайып өнер

Мұз үстіндегі ғажайып өнер

   Қазақ елінің намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген тағы саңлағымыз Элизабет Тұрсынбаева өз өнерімен талайды тамсандырдыМұз айдын үстіндегі мың бұрала билейтін мәнерлеп сырғанаушының есімі біраз жылдан бері қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Оң-солын енді таныған балғын шағынан ол қыр-сыры көп спорттың осы түрінің әдіс-тәсілін меңгерді. Биыл Элизабет толағай табысымен тілеулес елдің көзқуанышына айналып үлгерді. Наурыз айының басында Ресейдің Красноярск қаласында жалауын желбіреткен қысқы Универсиадада күміс жүлдегер атанса, одан кейін Жапонияның Сайтама қаласына өткен чемпионатында дәл осындай жетістігін қайталады. Төрткіл дүниенің түкпір-түкпірінен келген тәмам жұрттың алдында толағай табысымен талайды таңғалдырды.
Сыр өңірінің даңқын аспандатып жүрген саңлағымыз Қызылорда жұртшылығымен қауышып, ағайынның ақ пейілінің шуағына бөленді. Апта басында «Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған «Көктем жұлдыздары» республикалық ашық турнирі өтті. Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен «ҚазГерМұнай» БК ЖШС бас директоры Мұрат Мұстафаев қатысты.
Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан мәнерлеп сырғанаушылар қатысты. Байрақты бәсекеде 150-ге жуық спортшы бақ сынады. Сайысқа көршілес Өзбекстаннан да жас өрендер келді. Олар байрақты бәсекеге ерекше дайындықпен келдік дейді.
– Мәнерлеп сырғанау – спорттың ең әдемі түрі. Бұл жерде нәзіктік, ерекше дарын, шеберлік қажет. Біздің елде оның дамуына жағдай жасалған. Осы күні 50-ден аса жас өздерін Элизабеттің ізбасарлары санап, мәнерлеп сырғанауға машықтануда. Бүгінгі шараға қатысушы өрендердің көптігі осының айғағы, – деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.
Шара барысында «ҚазГерМұнай» БК ЖШС бас директоры Мұрат Мұстафаев та Элизабет Тұрсынбаеваға жүрекжарды лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мұндай сайыстың маңызы зор. Талантты жастарды талаптандырады, биікке қанаттандырады. Ал Элизабет қарындасымызға қолдау толастамақ емес. Оның әлі де алар асуы алда, – ол.
  Ашылу салтанатында Элизабеттің өзі де өнер көрсетті. Жапония төріндегі дүбірлі додад төрт айналымдық сальхов жасап әлемді таңғалдырған оны дүбірлі додаға қатысушы балғындар асыға күтті. Мұз ханшайымы әсемдікпен астасқан сүйікті қойылымдарының бірін мүдірмей билеп шықты. Оның өнеріне деген құрмет пен ыстық ықыласты қаумалаған жанкүйердің жылы лебізі ерекше болды.
 «Көктем жұлдыздары» турнирінің ауқымы кеңейіп, аз уақытта жас мәнерлеп сырғанаушылардың сүйікті бәсекесіне айналды. Екі күнге созылған турнир тартысты өтті. Өрендер мұз үстінде өздерін еркін ұстады. Екі күнге созылған жарыс нəтижесінде жерлестеріміз 4 алтын, 3 күміс, 4 қола барлығы 11 медальдарды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубок жəне естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
22 сәуір 2019 ж. 997 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам