Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дуа жасау дегенге сенесіз бе?

Дуа жасау дегенге сенесіз бе?


«Дуа жасап ауру етіп тастапты, дұғасын алдырып ауруынан айығыпты, дуалап біреудің күйеуін өзіне қаратып алыпты, дуалап жолын жауып тастапты» деген сияқты әңгімені естімеген адам жоқ шығар сірә. Тіпті көпшілігіміз туысымыздың, танысымыздың сәуегейлерге жүгінгенінің куәсі да болып жүрміз. Жалпы «адамды дуалау не болмаса, дуасын қайтару» дегенге сенуге бола ма?
Мен өзім атеистік қоғамда туып, сол идеологиямен сусындап өскен соң ба, жоқ әлде көзқарасымнан ба әйтеуір дуа, балгер, бақсы, көріпкел дегендерге сене бермеймін. Алайда өмірімде өзім куә болған үш жағдайға қалай түсінік беруді білмеймін. Кейде ол тек сәйкестік пе екен деп те ойлаймын. Бірақ үш бірдей сәйкестік дегенге сену де қиындау екен. Сонда бұл не, дуа жасаудың расымен де болғаны ма?
Дұғаның күшімен перзент сүю
1983 жылы үйленген бір досым бес жыл перзент сүйе алмай жүрді. Сол уақыт аралығында әйелі үш рет бала көтергенмен, 5 айлық болғанда түсік тастай берді. Бірінші түсіктен кейін әйелі екінші, үшінші көтергенде алдын ала сақтанып, ауруханада жатты. Алайда дәрігерлер көмектесе алмады. Жұбайлар арасында бірін-бірі айыптаған келеңсіздіктер қылаң бере бастады. Сонан соң олар сәуегейге қаралуға шешім қабылдады. Балгер досымның әйеліне біреудің дуа жасағанын, 40 күн қари молдаға оқыту керектігін айтады. Балгердің айтқанын орындап, әйелін 40 күн көрші ауылдағы молдаға апарып оқытып отырды. 40 күн оқыған соң қари «әйелің жүкті болғанда маған әкел, түсік тастамайтын етіп байлап берем, сосын перзентің аман-есен дүниеге келеді» деп айтыпты. Арадан көп өтпей досымның әйелі тағы да жүкті болды. Қаридың айтуы бойынша қайта барып, байлатып қайтты. Содан аман-есен балпақтай ұл дүниеге келді. Сонда бұл қаридың құдіреті ме, жоқ әлде сәйкестік пе?
Балгер қыз перзенті болмайтынын айтқан
Тағы бір досымыздың әйелі бір ұлдан кейін екі қыз тапты. Бірақ екі қызы да бір-екі айдан соң шетінеп кетті. Содан бір бақсыға барып, оқытады. Сонда бақсы, «жеті құрсақ көтересің – үш ұл төрт қыз, бірақ қыз перзенттерің тұрмайды, өйткені өте мықты дуа жасаған, оны қайтару мүмкін емес» депті. «Ой, айта береді, алда не боларын бір Алла біледі» деп көріпкелдің айтқанына сенген адам болған жоқ. Бірақ уақыт балгердің дәл айтқанын көрсетті. Расымен де досымның әйелі шетінеген екі қыздан кейін ұл тапты. Ол ұлдан кейін тағы екі қыз тапқанмен ол екеуі де шетінеді. Сонан соң араға төрт-бес жыл салып, тағы бір ұл тапты. Балгер айтқандай, досымның әйелі жеті құрсақ көтерді. Үш ұлы аман-есен ер жетті, өкінішке қарай төрт қызы жасқа толмай шетінеді. Сандыраққа балайын десең, айтқаны келіп тұр. Сонда бұл не?
Дуаның күшімен отбасын сақтап қалды
Өткен ғасырдың 70-жылдарының ортасында әкемнің қол астында жұмыс істеуге ағайынды үш өзбек жігіті келді. Үлкені отбасылы, ал қалған екеуі бойдақ екен. Ағайындылардың ортаншысы 31- ге келсе де үйленбеген, өйткені құлағы естімейді, оған қоса сақау. Сөзін ұғу қиын. Арадан екі жыл өткенде сол жігіт үйленді. Өзбектердің салты бойынша қыз бен жігіт бір-бірін көрмей, жақын туыстарына үйлене береді. Таң қалғанымыз, қыз 19 жаста, дені сап-сау. Түр әлпетіне де тағар мін жоқ. Үйлі болған соң, әкем үйдің бір бөмесін соларға босатып, бөлек есік ашып берді. Арадан бір жыл өткенде перзентті болды. Бірақ отбасының жарасуы қиындай бастады. Күйеуіне көңілі толмаған жас келіншек ажырасамын деп жанжал шығаруды көбейтті. Не істерге білмеген әлгі жігіт әке-шешеме келіп, мұңын шағып, «ол кетсе күнім не болады» деп жылайтын. Бір күні анам әкеме «әйел мен еркекті бір біріне ысытып, жақсы көрсетіп қоятын молда бар екен соған дуа жасатсақ қайтеді. Мыналардың отбасы бұзылып кететін түрі бар?!» деді. Әкем мақұлдады. Содан анам молдаға барып, шәйге дуа салдырып келді. Молданың айтуы бойынша, келіншекке сол шәйді 10 күн үзбей ішкізу керек екен. Молданың айтқаны орындалды. Құдайдың құдіреті, арадан екі-үш күн өткенде көрші жігіт үйге келіп, әке-шешеме әйелінің өзіне деген көңілінің өзгергенін айтып, алғыс білдіріп кетті. Одан кейін де бізбен көрші болып тағы төрт жыл отырды. Сол төрт жылда тағы екі перзент сүйді. Біз ауылдан көшерде, әлгі өзбек жігітінің үлкен қызы мектепке де барған еді.
Осындай үш жағдайға куә болсам да, әлі күнге дуаға сене алмаймын. Өйткені оны түсіне алмаймын, түсіндіріп беретін адамды да кезіктірген емеспін. Сонда мұндай құбылыстарға қандай баға беруге болады? Жоқ әлде шынымен де дуа деген бар ма? Сіз қалай ойлайсыз?
alashainasy.kz
04 мамыр 2019 ж. 1 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам