Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада «Адалдық музейі» бұрышы ашылды

Қызылордада «Адалдық музейі» бұрышы ашылды

   ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
Осы орайда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақмешіт музейі филиалында «Адалдық музейі» бұрышы ашылды. Мұндай шараларды жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталған. Мақсаты: Музейге келушілердің  жауапкершіліктерін шыңдау, адалдыққа өзара сенімділікке,  жақсы қасиеттерге баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитетті қалыптастыру, шыншыл болуға, кісі ақысын жемеуге яғни кассалық жәшік арқылы өз-өзіне қызмет жасау.
Шараға қатысқан студенттер мен оқушылар мұндай кассирсіз музейдің қызмет жасауына таңданыспен қараса да, біз жастарға білдірген сенім деп білеміз.  Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Байқожаев Берік Ұзақұлы мен қызметкерлері және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бахыткүл Тоқтамұратқызы, музей қызметкерлері, М.Мәметова атындағы жоғары колледжінің студенттері қатысты.
06 мамыр 2019 ж. 1 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам