Қызылордада жауынгерлік өнер фестивалі өтті
Қалалық паркте Ұлы Жеңіс күніне арналған Қазақстанның жауынгерлік өнер фестивалінің облыстық кезеңі өтті.
Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шара бағдарламасы бойынша 8 дисциплинадан көрсетілім көрсетілді.
Олар: каратэ-до киокушинкай, кикбоксинг жəне ушу саньда, грэпплинг, каратэ-до шотокан, жекпе-жек ұлттық спорты, самбо, тай бокс жəне араши каратэ.
7 мамырда республикамыздың оңтүстік өңірлерінен басталған шара 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында қорытындыланады.
Мақсаты - өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Облыста 11 спорт түрін біріктіретін жауынгерлік өнер ассоциациясы құрылды. Бүгінгі таңда спорт мектептері мен спорт клубтарында 1000-ға жуық жасөспірімдер мен жастар жекпе-жек спорт түрлерімен шұғылданады.