Жаз жайнатып, күн күйдіріп
Қаламыздағы №10 мектеп-лицейдің оқушысы Жасмин Мырзахмет биыл 4-сыныпты бітірді. Ол да өзге балалар секілді жаздың жаймашуақ күнін асыға күтті. Өйткені, олар үш ай бойы демалып, жаңа оқу жылын жақсы күңіл күймен қарсы алуды қалайды.Бірі ауылдағы туыстары мен ата-әжелеріне баруды ойласа, кейбірі лагерьде тынығуды жөн көреді.
Қала мектептеріне қарасты оқитын барлық мектепте Жасмин секілді 57 мыңға жуық баланың шамамен 92 пайызы жазғы тынығу лагерімен қамтылмақ. Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, «Арай-Санрайс», «Қамбаш», «Сырдария» және облыс, республика көлеміндегі тынығу-сауықтыру орындарында облыс орталығындағы оқушылар демалатын болады. Оған мемлекеттік бюджет есебінен, кәсіподақ ұйымының, демеушілердің қолдауымен қаржы қаралды. Нәтижесінде 17500 бала тынығады деп жоспарланған.
– Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулығын нығайтуына, жаңа оқу жылын тың күшпен бастауларына қолайлы уақыт. Сондықтан да бұл уақытты өрендер ерекше күтеді. Олар демалысты жанға жайлы, қызықты өткізуді армандайды. Осы тұрғыда арнайы орындар оқушылардың сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілуіне мол мүмкіндік береді. Сол үшін де бұл кезеңде өрендердің лагерьге баруына тиісінше көмектер жасалуда. Қоғамның басты байлығы – бала, сондықтан оған тиісті деңгейде назар аударылуы тиіс, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Меруерт Әбдіхалықова.
Сонымен қатар, облыс орталығында орналасқан ойын-сауық, спорт кешендері, бассейндерде, аула клубтары мен мәдени орындарында 16 мыңға жуық бала қамтылады деп жоспарлануда. Ал «Сырдария» балалар лагерінде 7 ауысымда 1 400, оның ішінде әлеуметттік жағдайы төмен отбасыларда 650 өрен демалмақ. Қазіргі таңда оған алғашқы ауысымға 200 бала қабылданып, өз қызметін бастап кетті. Бүгінде демалыс орны өз жұмысын заманауи бағытта жандандыруға мән беріліп отыр. Мұнда балғындарға керемет көңіл-күй сыйлау үшін бірқатар танымдық үйірмелер ашылған. Мәселен, «Ақылды спорт» үйірмесінде тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, арқан тарту, алтыбақан секілді ұлттық ойындар үйретілмек. Сондай-ақ, «Этноауыл» ұлттық орталығы бойынша екі киіз үй тігіледі. Оның ішіндегі «Ұлттық бұйымдар» және «Шебер қолдар» үйірмесі арқылы жас өрендер ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар жайында терең мәліметтерге қанығады. Бұл игі істің барлығы – балғындар үшін жасалмақ. Олар осылай балалықтың бал дәмін сезіне білмек.
Одан бөлек, қала көлеміндегі «Арай-Санрайс» лагерінде 900 өрен демалады деп жоспарланған. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 60 бала демеушілік есебінен тынықтырылады.
Сонымен қатар, бөлімге қарасты барлық 54 мектепте күндізгі тынығу лагерьлері жұмыс жасауда. Оған барлығы 4 000-ға жуық өрен қамтылмақ. Онда жалпыға міндетті оқу қоры есебінен әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 2324 бала қамтылған.
Мектеп лагерінде арнайы жатын, ойын, тынығу бөлмелері бар. Жас өрендер өздеріне ұнайтын пайдалы әрі тиімді іспен шұғылданады. Оған арнайы жетекшілер жағдай жасайды. Оқушылардың білімі мен ой-өрісін кеңейту мақсатында интеллектуалдық сайыстар, ұлттық ойындарды ойнатуға баса назар аударылған. Әртүрлі бағыттағы мәдени-көпшілік іс-шаралар барысында музей, саябақ, көрме сияқты мәдениет ошақтарын көріп-білуге жорықтар ұйымдастырылады. Іс-шаралар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында өтпек. Мәселен, «100 жаңа есім» жобасының жеңіпазы С.Әбдрахманованың «Сиқырлы кілт» мультипликациялық фильмінің көрсетілімі барлық күндізгі лагерьлерде көрсетілмек.
Біз көп нәрсені ұсақ-түйек санаймыз. Ал мән беріп қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Мәселен, балалар онда демалып қана қоймай, денсаулығын түзейді, қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.