Сергектік сыйы
Бүгінгі таңда халық арасында дене шынықтыру және спортпен айналысатындар қатары артып келеді. Облыс орталығы Қызылорда қаласында бұқаралық спортқа үлкен басымдық берілген. Қалада жастарға арналған көше жаттығуларын жасайтын спорттық алаңдар қатары жылдан-жылға арта түсуде. Салауатты өмірді қалыптастыруға арналған бұл жаңа әмбебап алаңдар көпшілік көңілінен шыққандай.
Әмбебап алаңдар құрылысы 2016 жылдан бері қалада жүзеге асырылып келеді. Бұдан біз денсаулықтың адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екендігін ұғамыз.
«Street workout» – қазақша баламасы көше фитнесі деп аталатын бұл ұғымды қазіргі таңда жиі естиміз. Көшеде жаттығу жасау күш пен төзімділікті арттыруға көмектеседі. Бұл спорт түрін ұнататын адамдар өздерін әр түрлі атаулармен атайды. Мысалы: көше гимнасттары, воркотерия, туристтер деген қызықты атаулары бар.
Street workout-тің тиімді жақтары өте көп. Ең бірінші қолжетімді спорттық іс-шаралардың біріне жатады. Бұл ақысыз және кез-келген уақытта сіз үшін ыңғайлы. Сонымен қатар, жеке жаттықтырушы және арнайы жабдықталған сабақтардың да керегі жоқ. Ал ашық аспан астында жаттығуларды орындау, дененің жасушалары оттегімен белсенді түрде жұмыс атқарып, метоболизмді жақсартады.
Жанға жайлы шағын спорт алаңы облыс орталығында көбінен орнатылуы тұрғындардың қуанышын еселей түскен. Әсіресе, орталық жердегі спорттық алаңдар қасынан дене шынықтырып жүрген жас өрендерді көптеп байқауға болады. Бұл – жастарға жасалып жатқан мүмкіндік. Сонымен қатар, аталмыш алаңдардың басым көпшілігі көпқабатты тұрғын үйлердің маңында орналасқан. Бұған әсіресе, сол маңдағы тұрғындар көптеп барғандықтан спорт алаңдары көбіне бос бола бермейді. Әсіресе, бұл күні бойы кеңседе отыратын адамдар үшін мұндай алаңдар таптырмайтын орынға айналған.
– Біздің жастар бүгінде өз денсаулықтарын күтуге дағдыланып келеді. Оған көшеде орналасқан заманауи алаңдардың салынуы септігін тигізуде. Бұл спорттың жақсы түрі, әрі тегін және таза ауада орналасқан. Осы арқылы денсаулықты жақсартуға болады. Осындай игі істерді жасап жатқан ел ағаларына ризашылық білдіреміз, – дейді қала тұрғыны Маржан Өтегенова.
Қаладағы спорттық алаңдардың барлығы дерлік соңғы үлгідегі заманауи талаптарға сай орнатылған. Онда веложаттығу, кермеше, брусья, түрлі жаттықтырғыш құралдармен қамтамасыз етілген.
Мақсат Керімбетовпен оның достары спортпен айналысқанды жаны сүйеді. Қазіргі таңда бос уақыттарын осы алаңда өткізеді. Олар жазғы демалыс басталғалы бері спортпен шұғылдана бастаған. «Шыны керек бүгінде кейбір спорт кешендерінде көрсетілген баға көпшілік үшін өте қымбат. Сондықтан мұндай алаңдар өте қажет», – дейді қаламыздың жас спортшылары.
Олай болса, берілген мүмкіндікті пайдалана біліп, сергек әрі ширақ болу үшін спортты өміріңіздің мәніне айналдырғаныңыз жөн.

Аружан ҚУАНТҚАНОВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенті.