Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙМАҚТА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

АЙМАҚТА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

  Қазіргі таңда өңірдің ветеринариялық саласында жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Облысқа аусыл ауруы бойынша вакцина қолданатын таза аймақ мәртебесі беріліп, буферлік аймақтан шығарылды. Ал, бұл халықаралық сауда кеңістігіне еркін жол ашып, зор мүмкіндік туғызуда.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылы аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы бөлінген вакциналар облысқа толық жеткізілген. Сондай-ақ, іс-шара жоспарына сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. – Сарып індетіне қарсы диагностикалық тексеру нәтижесінде ауру 76 бас мүйізді ірі қара, 204 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысына тасымалданып санитарлық сойылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес алдағы жылы ауру малдарды бір жерден ветеринариялық-санитариялық сою мақсатында «Етті қайта өңдеу» цехын ашу жоспарланып отыр. Аталмыш жоба қаладағы «Сұңқар Ко» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Ал, бұл өз кезегінде індеттенген жануарларды жыл бойы Оңтүстік Қазақстан облысына тасымалдамай, өзімізде етті қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Нысан іске қосылғанда 22 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде, – дейді басқарма басшысы. Биыл Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының індет ошағы болып 117 елді мекен тіркелген. Бүгінде көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілген. Ал, облыс бойынша 26 мал сою алаңы, 2 мал сою пункті мен жануарлардан алынатын өнімдерді сатумен айналысатын 16 ішкі сауда нысандары жұмыс жасауда. Мұнан өзге, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын 14 жаңа нысан іске қосылған. Олардың қатарында Арал ауданынан ашылған «Асем-ай», Қазалыдағы «Малдәрігерлік қызмет көрсету орталығы» ЖШС, Шиелідегі «Асылхан» мал сою алаңы және сүт өнімдерін өндіру цехы, Жаңақорғандағы «Көбелдес», «Сыздықов З», «Бәйтерек», және «Ветеринар және К» ЖШС бар. Нәтижесінде 40-тан аса адам жұмыспен қамтылған.

Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.



21 қараша 2017 ж. 1 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам