Қызылордада 4143 түлек ҰБТ тапсырады
Кеше, 21 маусым күні қызылордалық түлектер ҰБТ тапсырып бастады, тестілеуге 4143 адам немесе түлектердің 72% қатысады.
2018-2019 оқу жылы 5755 оқушы 11 сыныпты бітірген. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша 406 түлек "Алтын белгі", 264 түлек Үздік аттестатқа ие болды (2018 жылы - 320 "Алтын белгі", 215 - Үздік аттестат).
"4143 түлек немесе мектеп бітірушілердің 72% алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді. 2018 жылмен салыстырғанда қатысу 5% көбейген, яғни былтыр түлектердің 67% қатысқан", - деді Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.
Қызылорда облысында ҰБТ 21-26 маусым аралығында 9 тестілеу пунктінде өткізіледі.
"Жыл бойы "Талдысу", "Қамбаш" лагерлерінде барлық түлектер қосымша дайындық курстарынан өтті. Сонымен қатар, ата-аналар мен түлектерге психологиялық тренингтер өткізілді. Барлық тестілеу пункттері бейнебақылау камераларымен, ұялы байланыс сигналын өшіретін құрылғылармен және металл іздегіштермен жабдықталған, әрбір аудиторияға кондиционерлер орнатылған", - деп атап өтті М. Мелдебекова.
Аймақтың 4640 түлегі университеттерге (81%), 1000 түлек колледждерге (17%) түседі деп жоспарлануда. 628 түлек Ресей Федерациясының 4 жоғары оқу орнына түсу емтиханын тапсырды. Бұл Мәскеу ұлттық зерттеу технологиялық университеті "МБжҚИ", Ресей мемлекеттік аграрлық университеті – К. А.Тимирязев атындағы МАША, Мәскеу энергетикалық институты және Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университеті. Емтиханның нәтижесі шілде айында белгілі болады.
Айта кетейік, 2019 жылдан бастап жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында ҰБТ жылына 4 рет ұйымдастырылады. Қаңтар айында ҰБТ-ға 2392 оқушы (41,5%) қатысып, орташа балл 77 болды. Наурыз айында тестілеуді 4042 (70%) түлек тапсырды, орташа балл 83-ті құрады.
Ұлттық бірыңғай тесттің үшінші кезеңі 21-26 маусымда, ал төртінші кезең 17-20 тамыз аралығында өтеді.
Атап өтейік, білім беру грантына тек үшінші кезеңде (21-26 маусымда) тестілеу тапсырған бітірушілер үміткер бола алады.
ҰБТ нәтижелері тестілеу күні белгілі болады. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.
ҰБТ нәтижелерін @edugovkz_bot Telegram әлеуметтік желісі арқылы білуге болады. Ол үшін түлектерге өзінің жеке тестілеу нөмірін (АКТ) енгізу қажет.
Апелляцияға өтініш ҰБТ нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Апелляциялық комиссияның отырысына түсуші келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Өтінішті оқушының жеке өзі береді, сонымен қатар пән мен сұрақтарды белгілеп, нақты талаптарын көрсетеді. Өзімен бірге жеке куәлігі мен тестілеуге Рұқсат қағазы болуы керек.