Ақпараттық науқан өткізіледі
Бүгінгі күндері балалар еңбегін пайдалану – бүкіл әлем бойынша үлкен көкейкесті мәселе. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы жеткіншектер ерте еңбекке араласып, жалданып жұмыс істейді. Осы орайда, 1-12 маусым аралығында «Еңбектен бос балалық шақ» ұранымен «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12» күн ақпараттық науқаны өткізілмек.
– Аталмыш шараның басты мақсаты – бала еңбегінің ең нашар түрлерін алдын алу үшін ақпараттық-түсіндірме жүргізу болып табылады. Осының аясында «Отбасында зорлық-зомбылық жқ» «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» атауымен кең ауқымды рейдтік шаралар өткізілуде. Онда орталық базар, көлік жуу орындары, қалалық демалыс паркі және компьютерлік клубтарды аралап, бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында жеке кәсіпкерлерге және ата-аналарға ескерту жасалады, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.
Жаз мезгілінде өрендердің демалысын жақсы өткізу де маңызды. Осыған орай облысымызда 1 маусымнан бастап сауықтыру, тынығу лагерьлері жұмысын бастады. Аймақ бойынша 1-10 сынып аралығындағы 144 мыңнан астам өрен жазғы тынығу лагеьлерінде болып, демалып қайтпақ. Ал жалпы білім беру мектептерінің базасындағы күндізгі және шатырлы лагерьлерде 96 мың өрен тынығады деп жоспарланған.
Облыстық білім басқармасының басшысы баспасөз мәслихаты барысында ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру жөнінде де кеңінен тоқталып өтті. 2018-2019 оқу жылында облыстағы 261 мектептен 5754 оқушы үлкен өмірге қадам басты.
– Жылдан жылға түлектердің аталмыш сынаққа қатысу көрсеткіші жоғарылап келеді. Мәселен, биыл 4143 түлек маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға ниетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бес пайызға артқан. Олардың 400-і «Алтын белгіге», 285-і «Үздік аттестатқа» үміткер болып табылады. Қазіргі таңда облыстағы 9 тестілеу пункті ҰБТ рәсімін ұйымдастыруға дайын, – деді ол.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.