Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кредит алған халықтың қарызы 4 триллионнан асты - Ұлттық банк көмек береді

Кредит алған халықтың қарызы 4 триллионнан асты - Ұлттық банк көмек береді

Ақша
Ұлттық банк төрағасының мәліметінше, қазір 670 000 адам кредитін төлей алмай жүр
Парламент сенаты отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жеке тұлғалардың кридетіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бүгінде екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға тиесілі қарыздың жалпы сомасы 6 триллион теңгеге жуықтады. Ал несие алған 2 миллион адам өз қарызын қайтара алмай отыр. Соның нәтижесінде қайтарылмаған несиелердің сомасы 3 триллион теңгеге жетті.
Ал бас банкир Досаевтың сөзіне қарағанда, жеке тұлғалардың жалпы қарызы - 6 триллион емес, 4 триллион 100 миллиард теңге. Бұл – ресми статистиканың мәліметі.
"Оның ішінде біздің ипотекамыз, кепілсіз несиелер мен автонесиелер бар. 2017-2018 жылдардың ішінде банктер берген осындай несиелердің сомасы 47 процентке көтерілді. Енді, оған қатысты сұрақтарымыз бар. Бірақ бүгінде несиені төлемеген адамдардың саны 2 миллион емес, 670 000 адам біздің кредиттік бюромызда тұр", - деді Досаев сенат отырысында.
Қазір Ұлттық банк үкіметпен бірлесе отырып, көмек беру шараларын әзірлеп жатыр. Бұл жұмыс екі аптаның ішінде аяқталуы қажет.
"Алдымыздағы екі жетінің ішінде сол жұмыстарды бірге бітіреміз деп ойлап отырмыз. Қандай көмек бере алатынымызды. Бір жағынан айыппұл мен өсімақыны бөлеміз, сосын қалған қарыздарды... Содан қандай көмек, қандай мүмкіншілік болады, бүгін соны санап жатырмыз", - деді Досаев.
24 маусым 2019 ж. 2 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам