Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

   Бүгіннен бастап елімізде жәрдемақы мөлшері артып, кедейлік шегі көтерілді. Қазақстанда жаздың екінші айы бірқатар жаңашылдық күшіне енеді. 1 шілдеден бастап болатын өзгерістер туралы толығырақ Sputnik Қазақстан шолуынан оқыңыз.

Жәрдемақы өседі

1 шілдеден бастап ерекше қажеттілігі бар балалардың қамқоршыларына, сондай-ақ, бала кезден бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндерге төленетін жәрдемақы көтеріледі.
Қазір мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерінде, яғни 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. Айта кетсек, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі - 29 698 теңге.
Енді заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жәрдемақы мөлшері 41 578 теңгені құрайды. Жаңа жәрдемақыны 95 мыңнан астам адам алады.
Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Жәрдемақы есептеу процесі қандай да бір қосымша құжатсыз автоматты түрде жүргізіледі. Жәрдемақы әр айдың бірінен он бесіне дейінгі аралықта төленеді.

Кедейлік шегі көтеріледі

Шілде айынан бастап елімізде кедейлік шегін өсіру жоспарланып отыр. "Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы" бұйрыққа енгізілетін өзгерістерге сәйкес, ол 20 процентке ұлғаяды.
Яғни, кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 процентінен 70 процетіне дейін көтеріліп, 20,8 мың теңгені құрайды.

Полицейлердің жалақысы артады

1 шілдеден бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айлығы өседі.
sputniknews.kz
01 шілде 2019 ж. 1 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам