Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагондар жолға шықты
Қызылордада жеке тасымалдаушы «Марал Нұр» ЖШС өздеріне тиесілі №617/618 Қызылорда – Жезқазған - Нұр-Сұлтан бағытындағы пойызға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы вагондарды тіркеді.

Қазіргі таңда 24 жеке вагоны бар, оның 4 жаңа вагоны мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған. №307/308 Жезқазған- Нұр-Сұлтан бағытындағы №307/308 пойыз күнделікті, №617/618 Қызылорда - Жезқазған - Нұр-Сұлтан бағытындағы №617/618 пойыз күн сайын қатынайды.