Ләйлә Сұлтанқызы «негрге тиген қызды» жақтайтынын айтты
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазақ қызының қара нәсілді азаматқа тұрмысқа шыққанына қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол өзінің Telegram желісінде жазды.
«Негрге» тиген қызды жерден алып, қайта салып ит терісін басына қаптап жатыр. Енді просто представьте... Сіздің де қызыңыз бар, жар дегенде жалғыз. Өсті, өнді, өте жақсы тәрбие бердіңіз, оқыттыңыз. Үмітіңізді ақтады. Дипломды қолыңызға әкеліп берді, жасы 27-де. Ірі компанияда істейді. Ғашығы қазақ емес. Оны естіген әкесі үйден қуды, сіз әкесінен аса алмадыңыз. Шетел асып қыз кетті, тізе құшақтап сіздер қалдыңыздар. Уақыт өтті, сіз де, шалыңыз да шаршадыңыздар, қартайдыңыздар, күнде жылайсыздар....Намыс пен елдің сөзі жібермейтін. Айдалада қыз бақытсыз, үйде сіздер бақытсызсыздар. И кому от этого хорошо? кому? Соседу? Кімге?», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Сондай-ақ, ол қыздың анасын кінәламауды сұрады.
«Мамасын кінәлаудың түкте қажеті жоқ. Бірде бір мама қызына басқаға шық деп айтпайды! Айтпайды! Олай тәрбиелемейді. Это судьба, тағдыр. Шын мәнінде ол жігіт оны бақытты қылатын шығар, қайдан білесіздер?», - деп жазды тележүргізуші.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақ қызының қара нәсілді азаматқа ұзатылып жатқан видеосы тарап кеткен болатын.
sn.kz