Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада бюджеттен 16,8 млн теңге жымқырғандар сотталды

Қызылордада бюджеттен 16,8 млн теңге жымқырғандар сотталды

   «Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ҚММ басшысы мен «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативі директорының орынбасары қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны және аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департаменті «Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ҚММ басшысы Б.Тиыштықов пен «Агроспецмонтаж» ӨК директорының орынбасары Н.Әбуовке қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады. Б.Тиыштықов қызметтік өкілетін асыра пайдалана отырып, Қазалы қаласында құрылыс жүргізілетін тұрғын үй инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету нысанының құрылысы кезінде жалған орындалған жұмыстар актісіне қол қойған. Осының нәтижесінде Әбуов 16,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын иемденген. 29 шілдеде Қазалы аудандық сотының үкімімен Тиыштықовтың - 1 жылға, Әбуовтің - 6 жылға бас бостандығы шектелді. Сотталушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.
30 шілде 2019 ж. 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 616 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам