АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қарашаның 21-22 күндері айтулы күнге айналды, себебі осы уақытта мектеп ата-аналар үшін өз есігін айқара ашып, «Ашық есік күндерін» өткізді.
Алғашқы күні 7,8,9 - сынып, ал келесі күні 10,11,12-сынып ата-аналары мектепке келіп, «Мектеп өмірі» деп аталатын құнды кітаптың беттерін парақтады, барша жұртты тәнті еткен мектептің алуан түрлі ерекшеліктеріне көз жеткізді.
Статистикалық мәселеметтерге сүйенсек, 7-сынып оқушыларының ата-аналарының қызығушылығы басым болды. Бұған ата-аналардың үміт еткен көзінің нұры болып табылатын балаларының жаңа ортада оқып, білім алуы себеп болды.
Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бахыт ЖұматайАшық есік күндерінің ең басты артықшылығы ата- ананың баласымен бірге оған берілетін білімнің маңыздылығын, тиімділігін таразылап, баласының білімді қабылдау, пайымдау, орынды қолдана алу дағдысын байқай алуында екенін атап өтті.
Ашық есік күндерінің бағдарламасы пайдалығымен ерекшеленді. Ата-ана сабаққа қатысып қана қоймай, үйірмелердің де тіршілігімен тыныстады. Мұғалімдер тарапынан өткізілген шеберлік сыныбында критериалды бағалау туралы мәлімет алса, психологтардың, медицина қызметкерлерінің әзірлеген тренингісінен ата-ана мен бала арасындағы қарым–қатынас жайлы мол ақпарат жинақтады. Кітапхана қызметкерлері де шарадан қалыс қалмай,ата-аналар үшін тиімді болып табылатын құнды дүниелерді, сарқылмас қазына кітаптарды таныстырып өтті. Сонымен бірге ата-аналар мектеп асханасының мәзірімен таныстырды. Шара соңында қатысушы ата-аналардан сауалнама алынып, «Ашық есік күндері» іс-шарасының жұмысы бағаланды.
Мектептің 8 –сынып оқушысының ата-анасы Шайхислам Ноғайұлы өз кезегінде мектеп жұмысына ризашылығын білдірді. Қатысушы ата-ана немересінің осы мектеп қабырғасында сапалы білім алып, өмірге бейім азамат болып өсуіне толыққанды жағдай жасалғанын атап өтті. Ұстаздардың оқу процесінде пайдаланатын әдістері баланың интеллектуалды потенциалын арттыруға, өз ойын еркін жеткізуге бағыттайтына көз жеткізіп, мектептің барлық оқушылары келешекте елінің көсегесін көгертетін зияткер ұрпақ болатынына сенім білдірді.