Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы тұрғындар үшін қызмет көрсетеді

Мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы тұрғындар үшін қызмет көрсетеді

  Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі. Жұмыстың көптігі қызмет сапасына әсер етпей ме?
Қазір корпорация арқылы мемлекеттік Реестірдегі 742 қызметтің 635-і, яғни 85 пайызы көрсетіледі. Осы қызметтердің 532-сі электронды фотматта қолжетімді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттырып, оңтайландырды. Жыл соңына дейін корпорация қызметтерді электронды форматқа көшіруді 71 пайыздан 80 пайызға, ал 2020 жылы 90 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиалы 2019 жылдың 6 айында 573 мың қызмет көрсетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 108 мыңға (15 %) азайған. Себебі қызметтердің басым бөлігін азаматтар электронды үкімет порталы немесе барлық фронт-офистерде ұйымдастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алып жатыр. Бұл секторларға арнайы мамандар бекітіліп, қызмет алушыларға өздігінен қызмет алу жолдары үйретілуде. Секторларарқылы 2018 жылдың 6 айында 360 мың мемлекеттік қызмет электронды түрде алынса, 2019 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 628 мыңды құрап отыр. Бұданхалықтың өз бетінше электронды түрде алған қызметтер саны 42%-ға ұлғайғанын байқауға болады.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын оңтайландыру және арттыру мақсатында бүгінде корпорациямен бірнеше қызметті бір композитке біріктіру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Қазірдің өзінде 25 мемлекеттік қызметті қамтитын 11 композиттік қызмет іске қосылды.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру аясында іске қосылған пилоттық жобалардың бірі - проактивті форматта туу туралы куәлік рәсімдеу. Жоба іске қосылғаннан бері облыс бойынша 4862 тұтынушы Мгов базасына тіркеліп, сәбилі болған 2376-ден аса анаға проактивті қызметтерді алуға SMS-ұсыныс жолданды. Туу туралы куәлік 2321 адамға табысталып, балабақша кезегіне 820 бала тіркелген. 675 балаға жәрдемақылар тағайындалып, толық циклде көрсетілген қызметтер 485-ті құрады.
Бүгінде «Азаматтарға арналған» мемлекеттік қызметтерді ұсынудың барлық арналарын қамтамасыз етуде. Мысалы egov.kz электрондық үкімет порталы, Telegram-бот мобильді қосымшасы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс орталығы сияқты мемлекеттің халықпен байланыс арналары бар.
Соның ішінде халық арасында кеңінен тарағаны Телеграмм бот мобильді қосымшасының EgovKzBot жүктемесі арқылы қызмет алу. Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлі мемлекеттік қызмет пен сервистерді алуға мүмкіндік береді. Оның ішінде мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, психиатриялық, наркологиялық диспансердің анықтамалары жиі сұралады. Сондай-ақ, бот арқылы азаматтар зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйінде тіркелгендердің тізімін қарай алады. Сервисті қолданушылар дәрігердің қабылдауына жазылып, борышкерлер тізімінде бар-жоғын тексеріп, бос жұмыс орындарын да қарай алады. Смартфондағы бұл сервис түрін пайдалану үшін азаматтар кез келген ХҚО-ға келіп мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.
Өзіңіз айтқандай, қажетті анықтамаларды смартфон арқылы алу өте тиімді. Осы қызмет түрі халық арасында қалай насихатталып жатыр. Жалпы бүгінде қызылордалықтардың электронды қызмет алу көрсеткіші қай деңгейде тұр?
Дұрыс айтасыз, қызметтерді арнайы қосымшалар арқылы ХҚО-ға бармай-ақ, өзіңізге ыңғайлы орында онлайн түрде алған өте ыңғайлы, уақытыңыз бен жол шығындарын үнемдейді. Алайда бір ғана анықтама үшін орталыққа келіп жүрген азаматтар бар. Сондықтан тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру және қызметтерді электронды форматта алу бойынша филиал мамандары оқыту-түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Біздің мамандармен адам көп шоғырланған орындарда электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді насихаттау бойынша кең көлемді акциялар ұйымдастырылып тұрады. Филиал мамандары оқу орындарына, меншік иесіне қарамастан еңбек ұжымдарына, банктерге, медициналық ұйымдарға, әскери бөлімдерге барып халықтың цифрлық дағдыларын арттыру бойынша оқыту шараларын өткізеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы саны 67 мыңнан астам азамат арнайы қысқамерзімді курстардан өтіп, электронды сертификат алды.
Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тыс барлық қала, аудан, ауылдық әкімі аппараттарының ғимараттарында, бірқатар жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары ашылды.
Айта кетейік, өткен жылдың 6 айында мобильді азаматтар базасына тіркелгендер саны 111 мыңды құраса, 2019 жылы есепті мерзімде бұл көрсеткіш 207 мыңға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда86% артып отыр.
Шалғай елдімекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтер қаншалықты қолжетімді?
Аудан орталығынан 40 шақырымнан асатын шалғай елдімекен тұрғындарына мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді. Ол үшін сол елдімекен әкімдігінен қажеттілікке байланысты сұраныс болу керек. Мобильді топ ауыл тұрғындарына қызмет көрсетумен қатар, электронды үкімет порталы арқылы анықтама алу жолдарын қоса үйретеді. Соның нәтижесіндебылтырғы жылдың 6 айында 479 іс-сапар жүзеге асырылып,  21 мың мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2019 жылдың 6 айында 390 іс-сапарда 13 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Яғни, оқыту шаралары өз нәтижесін көрсетіп, іссапар саны мен көрсетілген қызметтер саны едәуір азайғаны байқалады. Ауыл тұрғындары анықтамарды электронды портал немесе мобильді қосымша арқылы алуды үйреніп келеді.
1 шілдеден бастап көліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру құзыреті «Азаматтарға арналған үкіметке» берілді. Осысалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсаңыз.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ҚР ІІМ ТЕБ қызметкерлерінің жұмысында реформа жүргізілді. Мамандандырылған ХҚО ғимараттарында отыратын полиция қызметкерлеріполиция департаментінде орналасқан бірыңғай бэк-офистерге көшіріліп, азаматтардың өтінімдерін қашықтықтан қарайтын және бекітетін болды. Нақтырақ айтқанда, жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды мамандандырылған ХҚО қызметкерлері қабылдайды. Бұл ретте автокөлікті тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғын полиция қашықтан, салық, кеден және басқа да органдардың базаларынан онлайн режимде, яғни «қағаз» құжаттардың ұсынылуынсыз-ақ тексереді.
Осылайша, жүргізуші куәлігін беру және көлікті тіркеу бойынша қызмет көрсету кезінде қызметалушы қызмет көрсетуші органның мамандарымен мүлде байланысқа түспейді.Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.
2019 жылдың 6 айында филиалдың мамандандырылған бөлімі мен секторлары арқылы 54 мың өтініш қабылданып, өткен жылмен салыстырғанда46пайызғаартты.
Электронды үкімет порталында 1531 қызылордалық жүргізуші куәлігін онлайн түрде рәсімдеп, дәл осы форматта 1839 автокөлік тіркелді.
Жылдың басында Қызылорда қаласында көші-қон қызметтерінің орталығы ашылды. Бүгінде осы орталықтың жұмысы қалай жүріп жатыр?
Иа, бұл орталық ақпан айында ашылды. Шетел азаматтарына бір ғана жерден бірнеше мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін орталықта мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінен бөлек, миграциялық қызмет комитетінің қызметкерлері мен медициналық ұйымдардың мамандары орналасқан. Бұрын шетелдік еңбек мигранттары тиісті тіркеуге тұру үшінәр мекеменің табалдырығын тоздырып, бірнеше күнін жоғалтатын.Ал қазір барлық қызметтер бір ғимараттың ішінде, бас-аяғы бірер сағатта рәсімделіп жатыр.
Айта кетейін, орталық ашылғаннан бері көші-қон қызметтер орталығы арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» және «Шетелдіктерге ЖСН беру» қызметтері бойынша 4434  қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жаңалықтарға да тоқталып өтсеңіз?
2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өсті. Жәрдемақының қайта есептелуін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдері мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің аймақтық департаменттері автоматты түрде жүзеге асырды, бұл үшін жәрдемақы алушылар тарапынан қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ.
Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар күн көріс көлемінің 1,05 мөлшерінде 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. 1 шілдеден бастап оның көлемі 10 395 теңгеге өсіп,41 578 теңгені құрады.
Осы ретте айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша 1 шілдеден бастап 5638 жәрдемақы алушының төлемі көбейді, оның ішінде: мүгедек баланың күтімі үшін – 5025 алушыға, бала кезінен 1-топтағы мүгедектердің күтіміне арналған жәрдемақы – 613 алушыға қайта есептелді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу функциясы Әділет министрлігінен корпорацияның құзіретіне берілгендігінен хабардармыз. Осы туралы түсіндіре кетсеңіз.
«Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті Заң ағымдағы жылдың 2 сәуірінде қабылданған болатын.
Заңға сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (7 ұйымдық-құқықтық нысан) бойынша функциялар ҚР Әділет министрлігінің қарамағынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 1 шілдеден бастап беріле бастады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды алғашқы тіркеу тіркеуші органның қатысуынсыз egov.kz электрондық үкімет порталында электрондық форматта жүзеге асырылады. Тіркеу іс-әрекетінің қалған түрлері, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралы құқықтық сараптама жүргізуді талап етеді. Сондықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының заңгерлік білімі бар қызметкерлері арнайы оқытудан өтті. Филиалға Әділет Департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бойынша 5 қызметкері жұмысқа қабылданып, 1-шілдеден бастап 121 мемлекеттік  қызмет көрсетілді.
Айта кету керек, функцияларды мемлекеттік корпорацияның құзырына беру республикалық бюджеттен қаржыландырылмай жүзеге асырылады.
Сұхбатыңызға рахмет!
23 тамыз 2019 ж. 1 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам