Кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 күдікті ұсталды
«Қызылорда облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының және ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бірлесе жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық оқиғаға күдікті 6 адам ұсталды. Күдіктілер қылмыстарын толығымен мойындады. Олардан айғақ заттар алынды. Ұсталған қылмыскерлер - 20-25 жас шамасында, тұрақты жұмысы жоқ және бұрын сотты болған азаматтар», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4 - бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Еске салсақ, осыдан екі аптадай бұрын бетперде киген белгісіз азаматтар кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған еді. Қарақшылар кәсіпкерді ұрып-соғып, оның үйінен ақша, зергерлік бұйымдар және екі автокөлікті қолды етті.