Қызылордалық жастар көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлады

Акцияда 14-29 жас аралығындағы жастар өздері ұнататын заттарды (мезгілдік киім, кітап, ұялы телефон, ойыншық жəне т.б) сыйға тарту арқылы көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлауға мүмкіндік алды.
Ізгілікті іске қолдау білдірген барша белсенді жастарға риясыз алғыстарын білдірген Қала әкімдігі мен «Жомарт» қоғамдық бірлестігі, жас буынға қайырымдылық, ізгілік,адамгершілік сынды қасиеттерді биік ұстауға жəне рухани құндықтарды бағалай білуге үйрететін бұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатындығын жеткізді.
Акцияда жинақталған заттар "Жомарт" қоғамдық бірлестігі арқылы жұмыспен қамту орталығымен жасақталған көпбалалы отбасылардың тізіміне сəйкес үлестіріліп беріледі.