Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ВЕЛОСИПЕД МІНГЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ТҮЗЕЙДІ

ВЕЛОСИПЕД МІНГЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ТҮЗЕЙДІ

  Әдетті біз «темір тұлпарды» тақымына басқанды қалаймыз. Оған ешкімнің дауы жоқ. Қалтасында қаржысы болса, ала берсін. Көшеміз толы көлікке айналды. Ал одан шығудың жолы бар ма? Осы сауал талайды мазалап жүр. Өркениетті өмірге қадам басқан елдердің өзі оның қарапайым жолын қарай бастады. Қала көшелерінде велосипед мінген адамдар саны артты. Олардың арасында бәрі де бар. Сан алуан қызметті атқарып жүргендер күнделікті қызметіне велосипед мініп келе береді. Қарапайым жұмыс жасайтын жандар да оны пайдаланады.
Ол 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р.Ла Рошелли (Франция, 1693), Леонтий Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), тағы да басқа жасаған төрт доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашкы екі доңғалақты велосипед Ресейде жасалды. Ефим Артамонов жасаған аталмыш дүние 1801 жылы  ел астанасы – Мәскеуде көпшілікке көрсетілді. Оның алдыңғы үлкен доңғалағы педаль арқылы қозғалысқа келетін де, артқы кішкене доңғалағы сүйемелдеуіш қызметін атқаратын. Соңынан Батыс Еуропа елдерінде әр түрлі велосипедтер (Карл Драйс, Германия, 1815) пайда болды. 19 ғасырдың 50-жылдары неміс механигі Ф.М. Фишер оның алдыңғы доңғалағына педаль кигізілген шатун орнатуды ұсынды. 19 ғасырдың аяқ кезінен бастап велосипед көптеп шығару жолға қойылды.
Қазақ велосипедке баланың ойыншығы деп қарайды. Бұл – рас нәрсе. Есі кірген баласына алып беріп жатады. Оның біздің даламызға қашан келгенін білмейміз. Өздігінен жүретін техниканы жалпақ тілмен «шайтанарба» деп атап кеткен екен. Сол көзқарас әлі күнге дейін сейілмей тұр. Ал Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде оған ерекше көңіл бөледі. Әлемде шайтанарбаны шыр көбелек айналдырып жүрген елдердің қатарында Финляндия көш тізгінін қолға алып тұр. Бұл елдің жазы қысқа, қысы ұзақ. Осыған қарамастан, аталмыш мемлекет велосипедтің санын арттырып келеді. Оның жолын салу үшін де қазына қазанынан қомақты қаржы бөліп жатады. Қысқасы, оны фин халқы ұлттық жоба деп санайды. Сондай-ақ олар елге ат басын бұрған жиһанкездерге велосипед ұсына алады. Оған көрші қонған Норвегия елі де сол саясатпен өмір сүріп жатыр. Тіпті бұл елдің шаңғыны көбірек пайдаланатын курорттарында аталмыш техника кәдеге жарап жатады. Одан кейінгі орынды Чехия, Дания, Германия, Бельгия секілді елдер алады. Мәселен, Данияда бір адам жылына велосипедпен 853 шақырым жолды артқа тастайды екен. Сонымен қатар Азияның Үндістан, Малайзия, Қытай секілді мемлекеттерінде де велосипед мініп жүрген жандардан көз сүрінеді.
Аталмыш техниканың адам денсаулығы үшін маңызы зор. Ол алдымен адамның аяқ бұлшық еттерін нығайтып, ағзаның қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ қан айналымының дұрыс жүруіне оң әсерін тигізеді.
Өркениетті елдерде велосипед тебетін арнайы орындар бар. Бізде велосипед тебуге мүмкіндік жоқ.  Дегенмен, 2016 жылы Қызылорда қаласында пайдалануға берілген Тәуелсіздік даңғылы бойында бұған арналған жол қарастырылған. Облыс орталығында түрлі қоғамдық бірлестіктер тарапынан шерулер тұрақты ұйымдастырыла бастады.
– Біздің елімізде велоспорт кеңінен дамыған. Өкініштісі, оған лайықталған орындар мүлдем жоқ деуге болады. Қала көшелерінде ығы-жығы көліктің ортасында басын бәйгеге тігіп жүруге болмайды. Бұл мақсатта арнайы орындар салғанымыз артық болмас еді. Сондай-ақ велоспортты мектептегі дене­шынықтыру пәнінде арнайы пайдалануға болады. Оны аптаның бір күнінде кеңінен арнайы дәріс ретінде өткізуге болады. Осыдан кейін біздің халқымыздың велосипедке деген көзқарасы басқа арнаға бұрылады деп санаймын. Біз үшін әзірге осының барлығы құр арман күйінде қалып отыр. Оның пайдасы болмаса, өркениетті елдердің көбісі оған әлдеқашан назар аудармас еді ғой.
                                                                                                                                                      Ә.ТАЛАПТАН.
06 ақпан 2018 ж. 1 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам