ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ
Үстіміздегі жылдың 25-26 қараша күндері Жалағаш кентінде ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған дзюдодан 2003-2005 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.
Дүбірлі бәсекеге Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 300-ден аса татами шеберлері 9 салмақ дәрежесінде (35, 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, +66 келі) жүлделерді сарапқа салады.
Жарыстың бас төрешісі Арман Молдахановтың айтуынша, республикалық турнирге жыл өткен сайын қатысушылар саны көбейіп, өз ауқымын кеңейтуде. Биыл Қызылорда облысының өзінен 150-ге жуық балуандар қатысады. Сондай-ақ, байрақты бәсеке жеңімпаздары одан әрі ірі додаларға іріктелінетін болады.
Жарыс 25 қараша күні сағат 10.00-де басталса, 11.00-де салтанатты ашылуы өтеді.