Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Ағаш бұйымның мәні бар

Ағаш бұйымның мәні бар

Қазақ халқының ежелгі нанымы бойынша аузы жоғары қараған іші қуыс ыдыс-аяққа Тәңірі мол несібе бұйыртады деген ұғым қалыптасқан. Сонымен бірге адамдар арасында дәм-тұз деген киелі ой санасында ұялаған. Көшпелілер мәдениетінде бір дастарқаннан, бір ыдыстан дәм татқан адамдар бір-бірін жаманшылыққа қимайды деген пікір ұстанған. Бұл ас құйылған ыдыста құт-береке бар деген сенімді білдіреді.
Иә, салтымызда қолданыста болған ыдыс-аяқтар мән жағынан тек тұтыну бұйымы ғана емес, дәстүрлі дүниетанымда алар орны ерекше. Үй жиһаздары м
ен ыдыстардың табиғи таза өнімнен жасалуы тегін емес. «Шеберлердің қолында, кәсіп болған бұл ағаш», – деп Қашаған жырау жырлағандай, қазақ халқы өзіне қажетті бұйымын ағаштан ойып, қашап, жонып жасаған. Ол үшін шеберлер ағаштың емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, қара ағаш, жаңғақ ағашы, тораңғыл секілді түрін арнайы таңдап алады. Әр заттың сыр-сипаты мен істің ерекшелігіне қарай ағашты сұрыптап, пайдалана білген. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, енді кейбіреуі иілгіш, тіпті су сіңбейтін болып та келеді. Десе де, он саусағынан өнер тамған шеберлер бұйымның бетіне ою ойып, түрлі-түсті бояумен өрнек салды. Осындай кереметтей дүниеге қарап отырып, ағаштан түйін түйетін ұстаның ісмерлігіне таң қаласың.
Тарихымызда ағаш өнерінің дамуы XIX және XX ғасырдың басында кең етек алды. Сол тұста ағаштан жасалған үй ішілік жиһаздар қолданысқа енді. Оның құрамына ағаш төсек, сандық, кебеже, жүкаяқ, астау, табақ, тостаған, ожау, ағаш шелек, оқтау секілді басқа да бұйымдар кірген. Ағаштан жасалған ыдыстар көшпелі қазақтар үшін өте қолайлы, оңайлықпен бүлінбейтін әрі жеңіл болған. Сондықтан жазда жайлауға, қыста қыстауға қоныс аударып жүретін аталарымыз барлық тұрмыстық ыдыс-аяқтарын ағаштан немесе мал терісінен жасауды құп көрген. Сонымен қатар, музыка аспаптары, ыдыс-аяқ, үй жиһазының көпшілігі ағаштан жасалатын болған.
Ағаш – өнеркәсіптің барлық түрінде, қоғамдық үйлер мен құрылыс салуда кеңінен қолданылған. Кейін заманның қиыншылығына қарай өзімізге тән ұлттық бұйымдар біраз уақыт қолданыстан шығып қалды. Алайда тәуелсіздік алып, еңсемізді тіктедік. Мемлекет тарапынан ұлт руханиятын дамытуға байланысты бірнеше бағдарламалар қабылданып, рухани серпіліс алдық. Соның арқасында тағылымға толы тарихымыз түгенделіп, өшкеніміз қайта жаңғырды. Бүгінде мәдени жәдігерлер қатары толығып, ұлттық бұйымдарды қолдану үрдісі қайта қолға алынды.
Көненің көзіндей болған ағаш бұйымдар бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. Мұндай құнды мұраларымыз келешек ұрпақтың кемелденуіне сеп болмақ.
Қазіргі таңда ағаштан жасалған ыдыс-аяқты ас бөлмеден сирек кездестіріп жүрміз. Оның денсаулыққа тигізетін пайдасын көпшілігі біле бермейді. Мамандар оның адам денсаулығына пайдасы зор екендігін айтып, тұрмыста тұтынғанды жөн санайды. Қолданысқа қолайлы, ою-өрнекпен көмкерілген ағаш ыдыспен ас ішу ағза үшін тиімді. Онда тамақтың құнарлығы сақталып, түрлі бактериялар өз күшін жояды. Мәселен қайың мен еменнен жасалған ағаш ыдыстар ыстық-суыққа төзімді. Темір сынды тот баспайды. Қымыз, шұбат құюға арналған тостағандар, келі-келсап пен ағаш кеселерге бүгінде сұраныс жоғары. Оның ішінде сыйлы, қадірлі қонағына ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні тіптен бөлек. Байқағанымыздай, кейінгі кездері дастарханға астау табақпен тағам әкелу дәстүрі жаңғырып келеді. Ел арасында осы үрдісті ұстанатын отбасылардың қатары көбейіп, ағаш бұйымдарды күнделікті тұрмысына қолдана бастағаны қуантады. Қазiр ұлттық дүниелер жасайтын зергер, шеберлер көп. Ағаш ыдыстар экологиялық жағынан таза болып келедi.
Қалай десек те, ұлттық бұйымдарға сұраныс артып келеді. Сондықтан шеберлер де үлкен iзденiс үстінде. Осы орайда ұлттық бұйымдардың жарнамасын, насихатын арттыру арқылы әр қазақтың үйiнде тұратындай жағдай жасау керек.

Айнұр МАМАНҚЫЗЫ















13 тамыз 2019 ж. 5 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 928 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам