Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

АҒАШ ТАБАҚ

      Ағаш табақ – қоңыр түсті, салмағы жеңіл тұрмыстық бұйым. Дөңгелек пішінді ыдыс қарағай ағашынан жона отырып, ойып жасалған. Қадым заманнан қалған бұл жәдігер бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – «Ақмешіт» музейіндегі құнды экспонаттар қатарынан орын алған.     
   Музей қызметкерлерінің айтуынша, ол ХІХ ғасырдың 20-50-шы жылдарында күнделікті көші-қон тұрмысында кең қолданыста болған. Екі ғасырдан астам уақытты тарих қойнауына жіберген бұйымның бүгінде аздап түсі кете бастаған. Бабаларымыздан қалған мұраның негізгі диаметрі 22 см 5 мм құрайды. Ағаштан сан түрлі әдіспен ойылып жасалған әдемі дүниелерге кезінде кәделі жіліктерді салып, қадірлі меймандарға ұсынған көрінеді. «Қонақ келсе – құт» дейтін қонақжай халқымыз осылайша сыйлы адамдарына сый-сияпат көрсетіп отырған. Данышпан бабаларымыз ағаштан жасалған ыдыстардың пайдалануға тиімді әрі денсаулық үшін пайдасы зор екендігін де ескерсе керек, тұтынатын заттарының басымын табиғи тәсілдермен жасауға аса мән берген.   1984 жылдың маусымында Жаңақорған ауданына қарасты Түгіскен ауылының тұрғыны Жұман Әріповтен музейдің ғылыми қызметкері Гүлшат Ахметова арқылы алынған бұйым осылайша отыз жылға жуық музей қорында көненің көзіндей сақтаулы тұр.  
                                                                                                                       Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА
20 ақпан 2018 ж. 2 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам