Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Рухани қазына – мәдениет мәйегі

Рухани қазына – мәдениет мәйегі


 Бүгінде облыс бойынша 171 мәдениет үйі мен клубтар, 209 кітапхана, 14 музей мен 11 архив, облыстық театр, тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме, сондай-ақ бірқатар мәдениет және өнер мекемелері бар. Биыл осы саладағы нысандарды жаңғырту мақсатында Арал мен Шиелі аудандарында жаңа мәдениет үйінің ғимараты ел игілігіне айналатын болады.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуованың айтуынша, аймақтың мәдениет саласында көптеген оңды өзгерістер іске асты. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалар жүзеге асыру мақсатында елге белгілі ақын-жазушылардың еңбектері жарыққа шығып, шығармашылық кеші ұйымдастырылған. Ал «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Сыр бойының өнері мен мәдениетін алыс-жақын шет елдерге таныстыру бағытында өңірлік өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты. Оған қоса облыс кітапханаларындағы қазақ тіліндегі туындылардың қоры байытылып, оқырмандарға қызмет көрсету сандық үлгіге көшкен. Ақын, драматург, прозаик, ғалым Ә.Тәжібаевтың 110 жылдығына орай «Жұлдыз шашқан жырлар» атты поэзия кеші, «Әбділда Тәжібаевтың ақындық әлемі» тақырыбында онлайн-конференция өткізілген. Сонымен қатар, Жастар жылы аясында халықаралық балдық би турнирі мен республикалық «Жастар жырлайды» атты ақындар айтысы ұйымдастырылған. Осы бағытта талантты өрендерді қолдау және олардың шығармашылығын дамыту мақсатында облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрының бір топ жас маманы Ресей мемлекеттік театр өнер институтында білімін жетілдіріп келген.
    Облыс музейіндегі қорлар қайта жинақталып, экспонаттар саны толықтырылған. Биылғы жылдың жақсы жаңалығы, облыстық музейде Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты жылжымалы көрмесі, көркемсурет галереясында «Ұлы дала елінің тұғырлы тарихы» атты кеші өткізілді.
     – Биыл Қазақстанның Өзбекстандағы жылы ұйымдастырылуда. Соған орай тамыз айының 13-і мен 19-ы аралығында Сыр өңірінің өнерпаздары бауырлас елде өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаға Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінен, қазақ диаспорасынан арнайы өкілдер қатысты. Тағы бір айта кететін жәйт, облыстық бюджет есебінен Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Бәбіш мола, Қышқала сынды тарихи қалашықтарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда табылған құнды заттар мен деректерге ғылыми зерттеу жүргізіліп, мұражайға тапсырылды, – деді Мира Әбуова.
    

                Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА                  

27 тамыз 2019 ж. 1 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 834 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам