Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ҚЫЗЫЛОРДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ

ҚЫЗЫЛОРДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ

   
Қызылорда облысында жобалық менеджмент жүйесін енгізу аясында облыс әкімдігі «Hack Day» байқауын ұйымдастырды. Оған қатысушылар екі күн ішінде инновациялық жобалар бойынша идеяларын таныстырды.
Шара барысында 412 қатысушы 3 номинация бойынша 137 жоба ұсынды. Олар ақпараттық технологиялар, контент және медиа, кино және видео бағыттарын қамтиды. Байқау шарттарына сәйкес қатысушы команда мүшелері 3 минут ішінде жоба прототиптерін таныстырып, сондай уақытта сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Байқау аймағымыздағы бастаушы және тәжірибелі программист, дизайнер, жобалаушы, IT-маркетолог, заңгер, сценарий жазушы, гример және PR мамандары мен өзге де IT саласындағы қызықты жоба идеялары бар тұлғалардың қоғамдастығын құруға мүмкіндік береді. Екі күнге созылған байқаудың жеңімпаздарын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтады.
– Біздің жастар өте талантты. Сондықтан оларды қолдау керек. Өздеріңіз білетіндей, біз Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала салу ісін қолға алдық. Ол жерде жастардың ІТ-паркі орналасады. Осы саланы жетік меңгерген 20 жасқа жұмыс орны ашылып, олар жоғары жалақы, тұрғын үймен қамтамасыз етілмек. Татарстан Республикасының Президенті Р.Миннихановтың облысқа сапары кезінде олардың ІТ-мамандары біздің жастарды оқыту туралы келісімге келдік. Өйткені, Ресейдің бұл жөнінен үздік мамандары сол туысқан елде шоғырланған. Сонымен қатар, Мәскеу мемлекеттік университеті «Киберқауіпсіздік», «Процестерді математикалық модельдеу» мамандықтары бойынша жыл сайын 20 қызылордалық студентке магистратурада оқу үшін гранттар бөлетін болды. Мұнан бөлек, біз «Майкрософт» компаниясымен Қызылорда қаласында филиалын ашу туралы келістік. Осылайша, Қызылорданы ақпараттық технологиялардың орталығына айналдырғымыз келеді, – деді Қ.Көшербаев.
Жеңімпаздар ашық дауыс беру арқылы анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Контент және медиа» секциясында дұрыс тамақтану тақырыбындағы сайт, қалалық қоғамдық орындарының 3D-үлгілері және мәліметтерді 3D-форматында ұсыну жобалары үздік деп танылды. «Ақпараттық технологиялар» номинациясы бойынша тұрғын үйлерде құбырдан газдың ағып кетуін анықтайтын құрал, «Ақылды аурухана» және «Ақылды аялдама» қосымшалары жүлделі орындарға лайық деп танылды. «Кино және видео» номинациясы бойынша «Қызылорда – мегаполистен де артық», жастар мен жасөспірімдерінің өзін-өзі бағалау мәселелері бойынша бейнероликтері екінші-үшінші орын алды. Ал өмірде өз орнын табу және оған өзгелердің пікірі әсер етуі туралы фильм аталмыш номинация бойынша ең жоғарғы орыннан көрінді.
Одан бөлек, әділ қазылар ең жас қатысушы – 13 жастағы Бейбіт Бекзаттың және қызылордалық еріктілердің атаулы көмек көрсету жобаларын ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
21 желтоқсан 2017 ж. 3 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам