Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтеді

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтеді


      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті 20 қыркүйекте дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқаудың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыру.
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілген өңірлік конкурстардың 17 жеңімпазы қатысады. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер:
1) Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқиды.
2) Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқиды;
Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
---
16 қыркүйек 2019 ж. 1 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам