КӨРКЕМСӨЗ ОҚY ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №143 орта мектеп базасында 8-9 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» атты көркемсөз оқy шеберлерінің байқауы өткізілді.
Байқау барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті.
Оқушыларға тақырыпқа байланысты мәліметтер айтылып, сұрақ – жауап түрінде сұхбат жүргізілді.
Сондай-ақ, оқушылардың жасаған қолөнер бұйымдарынан «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында қолөнер шеберлері көрмесі ұйымдастырылды.
Шара соңында қатысушылар мектеп директорының дипломдарымен марапатталды.