Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жедел штаб отырысы өтті

Қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жедел штаб отырысы өтті



Бүгін Қызылорда қаласы әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы жедел штаб отырысы өтті.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай қала әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топтар тәулік бойы тиісті нұсқаулыққа сәйкес қауіпсіздік шараларын жан-жақты жүргізуде.
Қала әкімі, жедел штаб төрағасы Н.Нәлібаев мобильдік топ мүшелеріне қала аумағындағы қауіпсіздік шараларды одан әрі күшейтуді тапсырды. Қала дәріханаларында бетперде мен залалсыздандыру құралдарының тапшылығын болдырмауды, азық-түлік және халық күнделікті көп тұтынатын тауарлардың бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеуді, сондай-ақ нұсқаулыққа сәйкес қаладағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кетейік, шаһар басшысы бұған дейін қаладағы адам көп шоғырланатын нысандарды аралап, тиісті құзырлы органдар мен сала басшыларына, нысандардың иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсыра отырып, оның орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізген болатын.
21 наурыз 2020 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 504 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам