ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» депортамті облыстық филиалының қызметкерлеріне «Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау», «Өрт қауіпсіздігін болдырмау мен оның алдын алу шаралары» және «ҚР ІІМ ТЖК КТИ-ның күндізгі оқу бөліміне оқуға шақыру» тақырыптарында сабақ өткізілді.
Бұл шара бойынша Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты З.Салмырзаұлы мен басқарма инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Э.Асанова дәріс берді.
Сабақ барысында қызметкерлерге жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өрт орын алған жағдайда атқаратын іс-әрекеттер туралы түсіндірме жұмысытарын жүргізіп, «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «От баланын ойыны емес», «Көмірқышқыл газынан абай болыңыз!» тақырыптарында бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілін мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда «101»,«112» нөміріне хабар беру керек екендігі жөнінде айтып өтті және Көкшетау техникалық институтына қабылдау ережелері мен білім алу шарттары туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізіп институтының тыныс тіршілігі туралы толық ақпарат беріліп, оқуға түсу шарттары түсіндірілді. Облыстық филиал қызметкерлер өздерінің сұрақтарын қойып, мамандардардардан нақты жауаптарын алды.